Қызылкөл – Ақжар көлдерінің оңтүстігіндегі тұзды көл.
Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылының батысында 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 331 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Ауданы 16,2 км2, ұзындығы 6,1 км, ені 2,8 км, тереңдігі 10 м. Жағалық сызығының ұзындығы 18,6 км.
Жер бедері Солтүстік және шығыс жағалауы жатық, батысы мен оңтүстігі тік жарлы. Оңтүстік-шығыс жағалауының биіктігі 50 м, шығысы, солтүстік-шығысы еңіс. Суы тұзды, су көлемі 60,4 млн. м3. Көктемде батысынан ағып өтетін Үшбас өзенінің деңгейі көтеріліп, бір саласы көлге құяды. Жазда өзен арнасы көл суынан бөлінеді. Көл алабы шабындық, малға жайылым. Жағалауында қыстаулар орналасқан. Емдік шипасы бар. Қызылкөлдің солтүстігінде демалыс үйлері бар.Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы