Қызылкөл — Өлкейек алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде. Дүкен ауылынан оңтүстікке қарай 6 км, теңіз деңгейінен 77 м биіктікте жатыр.
Аумағы Ауданы 15,2 км2, ұзындығы 8,5 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 19,5 км. Суы тұзды.
Жер бедері мен гидрографиясы Жағасы жайпақ, батпақты. Онда қамыс, құрақ шоқылары өскен. Оңтүстік-шығысында төбелі құмды алқап жатыр. Кейбір жылдары көктем айларында Өлкейек өзенінің суы құяды. Сондықтан аумағы ұлғайып, батпақты жағалауы суға айналады. Негізінен жауын-шашын жер асты қатып және Өлкейек өзенінің суларымен толысады. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, наурыз айының 2-жартысында ериді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ырғыз ауданы көлдері