Қашау

– 1) темір кесуге арналған, жүзі бар құрал. Қол қашау және механикаландырылған қашаулар бар; Адам баласы бұл құралды ертеден бері қолданыл келеді. Шақпақтастан жасалған Қашау жоғары палеолит дөуірінен белгілі. Қашау тісті немесе өткір жүзді болып келеді. Қола дәуірінде қола Қашау темір дәуірінде темір Қашау, орта ғасырларда болат Қашау қолданылып, көптеген халықтардың қолөнерін дамытуға септігін тигізғен.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

– 2) ағаш тесуге арналған құрал; басы қатты темірден жасалып, бір ұшынан қиялап жонып жүз шығарылады. Қашау жұмыр ағашпен сапталады. Қашаудың мөлшері қолданылатын орнына байланысты әр түрлі болып келеді.Қазақ тілі терминдер сөздігі, I том

– 3) () — ағаш материалдарда тесіктерді, ұяларды, ойықтарды шағып тастайтын қол немесе машина құралы.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер</span>

Санат:Құралдар