Гәкку Бәйішева – (1971 жыл, Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы (қазіргі Зеренді ауданы), Жылымды ауылы) - тележурналист.
ҚазҰУ-ді бітірген (1993). Еңбек жолын Көкшетау облыстық телерадиокомитетінде радио тілшісі қызметінен бастап (1993), облыстық теледидардың редакторы қызметінде күні бүгінге дейін қызмет атқарып келеді.
Алғашқы хабарлары денсаулық саласына байланысты «Денсаулық», халықтың салт-дәстүрі жайлы «Жеті өнер», әйел-аналарға арналған «Балқадиша», «Сырғалым», туған жерге еңбегі сіңген азаматтар жайлы «Туған жер тұлғалары» хабарларын жүргізген. Сондай-ақ таңертеңгілік тікелей эфирге шығатын «Шұғыла», «Күншуақ» ақпаратты-сазды бағдарламасын жүргізген.
Кейіннен балаларға арналған «Бір бала», «Тарихыңды таны» және «Айналайын» хабарларының авторы.
Қазақ теледидарының 50 жылдық мерейтойына арналған фестивальде (Қарағанды) «Алтын аймақ адамдары» номинациясы бойынша жүлдегер атанған.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5
Дереккөздер
Санат:1971 жылы туғандар Санат:Зеренді ауданында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Көкшетау облыстық телерадио компаниясы редакторлары