Ғақлия - көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі, дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер, трактат. Ғақлия араб сөзі «дана сөз», «даналық маржан сөздер» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі дәуірдің өзінде Шығыс әдебиетінде бар болған бұл прозалық жанр қазақ әдебиетіне XIX ғасыр соңында жазба әдебиеттің нық қалыптасқан тұсында жаңғырып келді. Ғақлия сөздерде қоғамға қажетті сан алуан мәселелер қозғалады. Қазақ әдебиетінде Абай, Ыбырай шығармаларында ғақлия сөздер мол кездеседі. Абайдың пайымдауынша, ғақлияға жүйріктер хакім, ғақлияға жүйріктер ғалым аталады. Ал хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған ойшылдығы себепті де бұл дәрежеге жете алады. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Ғақылия – () - дүние сыры терең таразыланған ой-пікірлер. Прозаның алғашқы қысқа, нұсқа үлгілерінің бірі.
Ғақылия термині қазақ әдебиеті тарихында исламдық танымға байланысты Абайдың 38-қара сөзінде, Ы. Алтынсариннің "Шариат-ул-ислам" деп аталатын кітабында (Мұсылмандық тұтқасы, А., 1991, 18-6.), Мәди Меркішұлының "Туһфа уа жұмхурият" рисаласында (Ташкент, 1917. 24 6.) алғаш рет қолданыс тапқан.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Ғақылияға жүйріктер хакім, нақылияға жүйріктер ғалым аталады. Хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған бесаспап ойшылдығы себепті де бұл дәрежеге жете алады. Абай 38-сөзінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды. Осы себепті болса керек, М.Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз еткенде "38-қара сөзді" бөле-жара "ғақылият тасдихат" деп атауына терең ойлы таным жатады.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология
Санат:Ислам әдебиеті Санат:Араб тіліндегі әдебиет