Джибути (), ресми атауы Джибути Республикасы () — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі.
Тарихы Қазіргі Джибутидің аумағы VII ғ.-да араб сұлтандарының билігіне көшті. XIX ғ.-да аумақты Франция отарлап, мемлекетке ресми түрде Француз Сомали Жағасы атын берді (кейін - афарлар мен иссалардың француздық аумағы).
Саяси құрылымы Президенттік республика. Президент үкімет басшысы және Қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы. Заң шығару функциясын 5 жылға сайланатын бір палаталы Ұлттық жиналыс атқарады. Атқарушы билікті президентке бағынышты министрлер Кеңесі атқарады.
Әкімшілік жіктеу Ел аумағы 5 аймақтан және 1 қаладан тұрады.
Экономика Ел экономикасы көбіне теңізшілікке негізделген. Астанасы Джибути негізі қаланғалы бері Эфиопиямен арадағы негізгі теңіз порты болып табылады. Экспорт: тері, үй жануары, кофе Импорт: тағамдар, сусындар, көлік, мұнай өнімдері, электроника. Саудадағы серіктестері - Франция, Эфиопия, Жапония.
Білімі 15 жастан асқан халықтың сауаттылығы 68% (2003 жылғы есеп). Джибути халқы жас, шамамен 40% 15 жасқа дейінгілер. Тәуелсіздік алғанға дейін халықтың басым бөлігі сауатсыз болса, 1969 жылы республика бойынша 26 бастауыш, 3 орта және 2 техникум болды.
Мектептегі білім тегін. Білім беру шығындары ЖІӨ-нің 3,6% құрады (2018 ж.).
2006 жылы Джибути университеті құрылды, оған дейін студенттер шетелде оқуға мәжбүр болды. Электронды кампус 2014 жылы іске қосылды.
Халқы Негізгі этникалық топтары - исса, афар және солтүстік сомалилік тайпалар.
Дереккөздер
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері