Cepiк Сағытжанов (1941, Атырау қаласы). Мәскеу мұнай институтын (1965), Алматы жоғары партиялық мектебін (1984) бітірген. 1958-60 және 1965-67 жылдары слесарь шәкірті, жабдықтауларды жөндеу слесарі, инженер-технолог, Петровский атындағы МҚЗ -нің жаңа техника бойынша бас инженері. *1967-70 жылдары - аға механик, Байшонас МӨБ бас механигі. 1970- 76 жылдары - «Доссормұнай», «Жайықмұнай» МГӨБ бас механигі. 1976-77 жылдары - Өндірістік қамтамасыз ету борталдық базасының бастығы. 1977-91 жылдары - Новобогатый партия аудандық комитетінің екінші хатшысы, Мақат аудандық кеңесінің төрағасы; Атырау қалалық халық бақылау комитетінің төрағасы. *1991-92 жылдары - «Атыраумұнайгазгеология» ӨГБ бас директорының орынбасары. 1992-94 жылдары - Мақат аудан әкімшілігінің басшысы, Атырау облысының облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994 жылдан бастап - «Теңізмұнайгаз» АҚ бас директоры, президенті. 2002 жылдан зейнеткер.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар