Юкон Таулы Үстірті, Солтүстік Америкадағы Кордильера тау жүйесінің солтүстік бөлігінде. АҚШ (Аляска) және Канада жерінде. Биіктігі 1500 – 2000 м-лік жұмырланған массивтерден тұрады. Негізінен кембрийге дейінгі және палеозойдың шөгінді және кристалдық жыныстарынан және жас жанартаулық жабындылардан түзілген. 200 – 500 м биіктіктегі қазаншұңқыр түбі төрттік кезеңнің борпылдақ түзілімдерінен тұрады. Климаты субарктик., континенттік; батысында Тынық мұхиттың әсері бар. Орташа температура қаңтарда –15 – 20С, шілдеде 9 – 15С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 250 – 300 мм. Көпжылдық тоң қалыптасқан. Юкон өзені алабының тармақтары тарамданған. Террассалар мен аңғар бойы беткейлерінде 400 м биіктікке дейін – қылқан жапырақты орман, жоғарыда – сирек орман таулы тундра өсімдіктеріне ұласады. Алтын, мыс, қорғасын, таскөмір, мұнай кен орындары бар. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Юкон Таулы Үстірті · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.