Дарико Мұқышқызы Жанғозина (1946 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2003).

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1972). Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1972–92) Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының орталық ғылыми-зерттеу зертханасында аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1993 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері 119 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары