Тоқпан күмбезі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасыр басындағы сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аққайтым ауылынан солтүстік-батысқа 18 шақырым, Шалқар қаласынан оңтүстік-батысқа 38,3 км жерде орналасқан.
Сипаты Порталды күмбезді, бір камералық кесененің негізі тік төртбүрышты (8x8,5 м). Ол күйдірілген кірпіштен қаланған, маңдайшасын шикі кірпіш араластырып өрген. Күмбездің мүрде жататын батыс іргесіне құлпытас қойылып, оның үстіне өмірбаяндық бағыштау сөздер жазылған. Бұл мазардың қирамай сақталған бөлігінің биіктігі 3,5 м. Ескерткіш қазақтың салт-сана дәстүрі негізінде салынған, жоба, композициялық түрғыдан шешімін тапқан құрылыс болып саналады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті