Дәулет Кавазұлы Тәжмакин (3.11.1964 жыл, Қостанай) - Экономика ғылымының кандидаты (1993). ҚР бадминтон федерациясының вице-президенті. Бадминтон бойынша КСРО спорт шебері (1984).
1988 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын, 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген, экономист - ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы. 1984-86 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1989-90 жылдары - Қостанай ауыл шаруашылығы институты кафедрасының ассистенті. 1993-94 жылдары - «Аспект» инвестициялық-қаржы компаниясы» АҚ маркетинг жөніндегі директоры. 1994-96 жылдары - «Биржалық есеп айырысу папатасы» АҚ Басқарма төрағасы. 1996-97 жылдары - Қостанай облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі. 1997-98 жылдары - Қостанай облысы Ішкі істер басқармасы қаржымен қамсыздандыру басқармасының бастығы. 1998-99 жылдары - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті директорының орынбасары. 1999-2002 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегия және мемлекеттік реттеу департаментінің директоры. 2002-03 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ департаментінің директоры, президентінің кеңесшісі. 2003 жылы - «Қазақстан Астық Одағы» ЗТБ вице-президенті. 2003 жылдан - «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы.
«Шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары» (1993) кітабінің авторы.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:3 қарашада туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Қостанайда туғандар Санат:Қостанай ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Астана ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:КСРО бадминтоншылары Санат:Қазақстан бадминтоншылары