Параллакстық тілімшелер –– бойлық параллакстардың айырмашылығын өлшейтін тетік. Бір жағы қиғашталып қиылған екі бірдей мөлдір тілімшеден тұрады. Бір тілімшенің қиғашталып қиылған жағына бөліктерімен шкала, ал екіншісіне есеп алу индексі салынған. Параллакстық тілімшелермен өлшеу синустық сызғышпен өлшеуге ұқсас.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия