thumb|right|200px| thumb|right|200px| Бефстроганов ( — сиыр еті және Строганов) — сиыр етінен дайындалатын тағам. Бефстроганды екі әдіспен дайындауға болады.

Бірінші әдіс Алдан-ала бөлшектенген етті жаныштайды да, жіңішкелеп кеседі. Алдымен ұсақтап туралған пиязды табада құырады. Етті 6—7 минут қуырып, оған жаңағы пиязды салып, томат немесе томат соусын қосып тағы да 5—7 минут қуыру керек, содан кейін ұн сеуіп, үстіне қаймақ және сорпа құяды. 2-3 минут қайнағаннан кейін тұз, бұрыш салады. Екінші әдіс Бір жарым — екі сағат бұрын етті кесіп, тұз бен бұрыш сеуіп, ұсақтап туралған пиязбен араластырып даярлап қою керек. Май мен ұнды араластырып, аздап қуырғаннан кейін оған сорпа немесе су құйып, содан кейін бір шай қасық дайын қыша қосып, араластыра отырып қайнатып, үстіне қаймақ және алдын-ала қуырылған томат-пюре қосады. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Дереккөздер

Санат:Орыс асханасы Санат:Сиыр еті тағамдары Санат:Ет тағамдары