thumb thumb Сотан (Пуансон) — баспалау немесе қалыптау процесін орындау кезінде баспа түсіретін қысымды өңделетін материалға не болмаса жұмыс ортасына жеткізетін баспа-қалып бөлшегі. Әр түрлі сотаны Кермелеу сотаны (Пуансон вытяжной) — кермелеу операциясын орындау үшін қолданатын тұтас құрал. Кенер кесетін сотан (Пуансон обрезной) — кесу операциясын орындау үшін қолданатын тұтас құрал. Қалыптайтын сотан (Пуансон формовочный) — сырт-пішіндеу (қалыптау) операциясын орындау үшін қолданатын құрал. Тартпалы сотан (Пуансон обтяжной) — қаптап-керу операциясын орындау үшін колданатын тұтас құрал. Тескiш сотан (Пуансон пробивной) — тесу операциясын орындау үшін қолданылатын тұтас кұрал. Сотан ұстағыш (Пуансоно-держатель) — металдарды қысыммен өңдегенде сотанды бекітіп ұстайтын бөлім. Соташық қуысы (Полость штоковая) — тоқпақтың соташығы қозғалатын қуыс.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау

nl:Merk (munt)