Байбоз Қилыбаев (1897 – 1988) – партия, кеңес қайраткері, халықаралық қатынастардың білікті маманы.
Қазан төңкерісі қарсаңында күнкөріс қамымен Астраханға барып, 15 жасында Руковишников деген кәсіпкерге жалданады. Астраханда жүріп рев, қозғалысқа қатысады. 1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясында оқыған. Қызыл ротаға мүше болады, одан кейін халық ағарту бөлімін басқарған. Мәскеудің Халықаралық сауда институтын бітірген (1936) Бірнеше шет тілдерін: ағылшын, неміс, француз және араб тілдерін жетік білген. 1920 жылдан уездік ревком, округтік аткомның төрағасы болды. 1927 жылы Кеңестердің 4-съезіне делегат, Қазақстан тұтынушылар қоғамының инспекторы болды. КСРО сыртқы сауда Халық комиссариатының Қытайдағы төтенше өкілі Гурьевтегі (қазіргі Атырау) балық-консерв комбинатының директоры (1937)қызметтерін атқарған. 1930 жылы Форт-Шевченкода ашылған тұңғыш қазақ мектебі Қилыбаев атымен аталған. Кейін «Халық жауы» аталған соң С.М. Киров аты берілген. 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді. Алайда бұл жаза 18 жыл түрмеде отырылумен ауыстырылды. 1946 жылы босанып, көмір тресінде, аудандық қаржы бөлімінде басшысы болып қызмет істеді. Ленин орденінің және бірнеше медаль, Құрмет грамоталарының иегері.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер