Сауытбай Масатов (1899 Түпқараған ауданы Сауытты-Қойжақ елді мекені – 1952) – кеңес қызметкері.
Өз еңбек жолын 1910 жылы байлардың малшы-жалшысы жұмысын атқарудан бастады. Одан кейін Форт-Шевченко қаласында балық өндірісінде қара жұмысшы болып жасап, жаңаша және ескіше білім алған. 1928 – 1934 жылы Адай(Ойыл) округтік атқару комитетінің төрағасы, Кеңес өкіметін орнату ісіне елді жұмылдыруға белсене қатысады. 1934 – 1952 жылы Дзержинский атындағы Жетікөл (1934-1952 ж.ж.), Сапақкөл, Жақсы көл(1948-1952 ж.ж.) ауылдық кеңестері төрағасы қызметтерін атқарды. 1933 жылы Мәскеуде өткен екпінді ұжымшаршылардың Бүкілодақтық съезіне делегат, Қазақ ОАК-ге мүше болған. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының орталығы – Ойыл ауылының бір көшесі Масатов есімімен аталады.
Дереккөздер