Лазерлік ойнатқыш (Лазерный проигрыватель) — лазерлік дыбыс (бейне) жаңғыртқыш. Лазерлік жазу құрылғыларының көмегімен сандық-оптикалық табақтарға жазьшған дыбысты (бейнені) жаңғырту үшін пайдаланылады.

Негізгі түйіндері: сандық-оптикалық табаққа жазылған ақпаратты оқуға арналған құрылғы табақтың тұрақты бұрыштық немесе сызықтық жылдамдықпен айналуын қамтамасыз ететін прецизиоңцық қозғалтқыш дыбыстық сигнал (бейнесигнал) жиілігінде электр сигналын шығаратын ал оны декодалайтын және сондай-ақ қатені түзететін электрондық құрылғы.

Аса жоғары сапалы тұрмыстық дыбыс (бейне) техникаларында және студиялық бағдарламалар жасауда пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника