Асан Әбдірұлы (1937 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылы – 2006, Ақтау қаласы) — журналист, Журналистер одағының мүшесі.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997 жыл; Қырық жылдан астам журналистік қызметінің отыз бес жылын аудандық «Жаңа өмір» газетінде қатардағы тілшіден газет редакторлығына дейін өскен. Ел тарихына қатысты шежіре-аңыздарды, деректерді жинақтап, жариялаумен айналысып жүрген өлкетанушы. «Маңғыстау мұралары», «Алтын тамыр аталар», «Сөз кестесінің зерен зергері» кітаптарының авторы. «Бекет ата», «Кіші жүз шежіресі», «Маңғыстау малшылары», «Өскен орда» жинақ кітаптарына мақалалары енген. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1970).

Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Тобыш – Ораз – Жайық – Әлмәмбет – Зорбай – Жаңай – Әлі – Алдаберген – Иманқұл – Кенжебай – Әбдір – Асан

Дереккөздер