XXX жазғы Олимпиада ойындары (, ) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдың ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті. Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.
Олимпиада қаласын таңдау 200px|thumb|Лондондағы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының баннері. Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесінде тоқтатылды. Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын: Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.
2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды. Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.
Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр ғана болатын.
Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болғаннан кейін, келесі күні Лондон қаласында террористік акт болды.
2012 жылғы Олимпиада астанасына дауыс беру Қаланың аты Мемлекеттің аты1 Раунд2 Раунд3 Раунд4 РаундЛондон22273954Париж21253350Мадрид203231—Нью-Йорк1916——Мәскеу15———
Әзірлену және дайындалу Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3 қазанда өткізді. Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты. 2006 жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын.
Нысандар және инфрақұрылым thumb|200px|Олимпиада стадионы (Лондон) thumb|200px|O2 аренасы thumb|200px|Уэмбли стадионы thumb|200px|Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ
2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардия.
Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады: Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер; Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы; Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.
Олимпиадалық аймақ Олимпиада стадионы — жеңіл атлетика, ашылу және жабылу салтанаты. Сулы орталық — ашық суда жүзуден басқа барлық суға қатыстқы спорт түрлері. Лондондық велопарк — велотрек және BMX. Ривербанк арена — көгалдағы хоккей. Баскетболдық арена — баскетбол, гандбол. Коппер бокс — гандбол, қазіргі бессайыс. Олимпиада қалашығы (Лондон)
Өзендік аймақ Көрме орталығы (Лондон) — бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика мен күрес. O2 аренасы мен Гринвич аренасы — бадминтон, баскетбол, гимнастиканың барлық түрі. Гринвичтік парк — ат спорты және қазіргі бессайыстың кейбір бөліктері. Казармы королевской артиллерии — нысана көздеу
Орталық аймақ Уэмбли — футбол. Уэмбли аренасы — бадминтон, көркем гимнастика. Лаун-теннис пен крокеттің Бүкілағылшындық клубы — теннис. Лордс крикет граунд — садақ ату. Риджентс-парк — велошоссе. Хорс Гардс Пэред — жағажай волейболы. Гайд-парк — триатлон мен ашық суда жүзу. Эрлс Корт — волейбол.
Лондоннан тыс аймақтар Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі: Хэмпден Парк, Глазго; Миллениум, Кардифф; Олд Траффорд, Манчестер; Сент-Джеймс Парк, Ньюкасл; Ковентри қаласының стадионы, Ковентри. Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады: Броксбурнның ескекпен кедергілер арқылы өту орталығы, Уэлтэм Кросс; Дорни Лейк, Дорни — академиялық есу мен байдаркада және каноэде есу; Уэймут пен Портлендтың желкенді спорттының Ұлттық академиясы, Портленд аралы; Хадли қала сыртындағы паркі, Хадли қамалынан алыс емес — маунтин-байк.
Қоғамдық тасымал құралдары thumb|200px|Олимпиадалық Javelin тасымал көлігі thumb|200px|Олимпиада алауы Кардиффте
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда, оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап кетті. Лондонға арналған транспорт жүйесіне (TfL) 2012 жылға дайындалу барысында бірнеше жаңартулар мен өзгерістер енгізілді. Және де Docklands Light темір жолы мен Лондонның солтүстік бөлігінде темір жолының модернизациялануы ерекше болды. Network Rail мәліметтері бойынша, 4000-нан астам темір жолдар Ойындар кезінде жұмыс жасап тұрады, және теміржол операторлары күні-түнімен жұмыс кезегінде қалмақ.
Қаржыландыру Ойындарды бөлектеп қондыруға, нысандар мен инфрақұрылымдарды салуға, және де Олимпиада қалашығының жер редевелопментімен жұмыс жасау үшін қаржының мол бөлігі кетті. Ойын ұйымдастырылуын жеке қаржы көздері қаржылардыруына қарамастан, көптеген демалыс орындары мен саябақтарға байланысты шығындарды мемлекет өзі көтереді.
Алғашында бөлінген бюджет £ 2,4 млрдты құраған, бірақ бұл қаржы жетіспеуіне байланысты 2007 жылы шамамен төрт есеге, £ 9300000000 ($ 14460000000) дейін өсірілген. Тесса Джоуэлл қайта қаралған құжаттарды 2007 жылы 15 наурызда Бірлестік Палатасында жарияланған болатын.
Олимпиададағы нысандар мен инфрақұрылымдардың құрылысы — £5.3 миллиард; Топтық спорт және паралимпиадалық қаржыландыру — £400 миллион; Қауіпсіздік және полиция — £600 миллион; Төменгі Леа алқабын регенерациялау — £1.7 миллиард; Резервтегі фонд — £2.7 миллиард; Қосылған құн салығы (ҚҚС) — £800 миллион.
Еріктілер Еш ақша төленбейтін еріктілер үшін алдағы ойындарда үлкен жұмыс күтіп тұр. 2004 жылы 70000 еріктілердің басты мақсаттары анықталды. 2010 жылы еріктілерді қабылдауға 240000-нан астам өтініштер келген. 2012 жылғы ақпан айында Себастьян Коу өз сөзінде: «Біздің еріктілер ойындар кезінде сегіз миллионнан астам сағат үздіксіз жұмыс жасау қажет және оларсыз еш ойындар өтпес». Еріктілер Олимпиадалық стильдегі киімдер киетін болады. Оның ішіне қарақошқыл және қызыл жейде, күртешелер мен жабағылар енеді. Және олар сарғыш шұлық пен қоңыр-сарғыш туфлилер киеді. Сонымен қатар олар тіркеуден өткен суреті бар бейдждермен жүреді.
Қауіпсіздік Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңдесі жоқ шаралар қабылданған. Бұл шараға шамамен 40 мыңнан астам адамдар тартылмақ, соның ішінде 13 мың полиция өкілдері мен 17 мың әскери қызметкерлер. Ұлыбритания үкіметі қауіпсіздікті сақтау мақсатында зенитті-ракеталық комплекс «Рапираны» кірістіру мүмкіндігін қарастырған. 2012 жылғы Олимпиаданың қауіпсіздігі үшін бөлінетін бюджет құны 585 миллион фунт стерлингті құраған.
Демеушілер 2011 жылдың күз мезгілінде Лондонда Кока-коланың ұйымдастыруы бойынша «Move to the beat» компаниясы өз жұмыссын бастады. Сонымен қатар әлемдік демеушілер: Acer, Atos, Coca-Cola, Dow Chemical Company, General Electric, McDonald's, Omega SA, Panasonic, Procter & Gamble (P&G), Samsung, Visa. Дүркіреген шоуға танымал спортшылар шақырылған, сонымен қатар ХХХ Олимпиада әнұрандарының бірі «Anywhere In The World» әні шырқалды. Әннің авторы Марк Ронсон әннің дыбысын басуда әр түрлі спортшылардың қозғалыс кезіндегі шыққан дыбыстарды пайдаланған. Ал әннің өзін атақты әнші Katy B орындайды.
Ашылу салтанаты
Жазғы XXX Олимпиада Ойындары 27-шілдеде 2012 жылы Ұлыбритания уақыты бойынша кешкі BST (UTC+1) 21:00 Лондондағы «Стратфорд» стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс «Ғажайып аралдары» (Isles of Wonder) деп аталды.Opening Ceremony — 2012 Olympics Олимпиада стадионына жиналған 80 мың көрермен «Олимпиада ашылуын» тамашалады.
Жабылу салтанаты
Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтеді. Жабылу салтанатында Борис Джонсонның олимпиадалық туын Лондон мэрі 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өзіне қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласының мэріне табыстауы көрініс табады.
Олимпиада рәміздері Логотиптер және графика Логотип 4 дұрыс бұрышталмаған көпбұрыштардан тұрады, олар Олимпиаданың сандарын білдіреді, яғни — «2», «0», «1», «2». Бір бөлігінде «London» сөзі қосылған, ал басқа бір бөлігінде — олимпиадалық сақиналар орын алған. Логотип төрт түспен берілген нұсқалармен белгілі: көк, сарғылт, жасыл және қызғылт; арасында қара түсті нұсқалары да кездеседі.
Логотипті Wolff Olins компаниясы бір жыл шамасында жасады және оның құны 400 мың фунт стрелингке бағаланды. 2012 жылдың наурыз айының басында Иран Республикасы 2012 Олимпиада ойындарына байкот жариялауы мүмкін екенін білдірді. Оның себебі Олимпиада логотипіндегі «Zion» сөзінің астында — Сион сөзі жасырылған, яғни сионизм мағынасын білдіреді. Иран мемлекеттік Олимпиадалық комитетінің басшысы Бахрам Афшарзадех логотипті «нәсілшілдік» деп атады. Сонымен қатар логотипті свастикалық белгіге ұқсас деп жариялаған.«Олимпиада 2012» жылғы ойындарының логотипінен свастика бар екенін анықтағанОлимпиада-2012 логотипі свастикаға ұқсас
Ойындар тұмары thumb|200px|Уенлок пен Мандевил Ойындар бойтұмарын 2010 жылдың 19 мамырында жариялаған болатынBBC Sport — London 2012 unveils Games mascots Wenlock & Mandeville . Автордың мәлімдемесі бойынша, Болтон құрышының екі тамшысынан шыққан Уенлок пен Мандевил болған. Тұмар есімдерін Ұлыбританияда алғашқы Олимпиадалық сайыс болып өткен Мач-Уенлок қаласы мен алғашқы Паралимпиадалық ойындар болып өткен Сток-Мандевил қалашығының құрметіне арнап атаған екен. Екі тұмардың көздері біреу, олар велошабандоздың бас киімін киеді, және онда Ойындардың логотиптері бейнеленген.
Медаль thumb|200px|2012 Жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалі (екі жағынан көрсетілген) БІр медальдың диаметрі шамамен 85 миллиметр болады, ал қалыңдығы 7 миллиметр. Жалғыз бір жүлденің салмағы 375-400 грамм аралығында болады. Sky Sports мәліметтері бойынша, бұл Ойындар тарихындағы ең үлкен медальдар болып саналады екен. Олимпиадаға барлығы 2100 медаль жасалынып шығады.
Әр түрлі мәртебедегі жүлделерде сәулелермен көмкерілген сол Ойынның логотипі болады. Медальдың арғы жағында жеңіс құдайы Ника мен Темза өзенінің суреті орналасады. Бұл жобаның авторы ретінде дизайнер Дэвид Уоткинс болды.
Әнұран Лондондағы Олимпиаданың ресим түрдегі әнұраны ретінде «Muse» тобының «Survival» () әні таңдалды. Әнұран Олимпиаданың ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде ойнатылады. Ән алғашқы тақырыптардың бірі болды.
Ювяскюля университетіндегі денешынықтыру социологиясының фин профессоры Ханну Итконенге олимпиадалық әнұранның мәтіні бойынша бірнеше сын айтты. Оның айтуы бойынша, онда ешқандай спорттық рухқа қатысты ешнәрсе айтылмағаны, және ән мәтінінде бірігуге шақыратын, өмір деген — күрес екенін түсіндерітіндігі баяндалады.
Жарыстар барысы
Қатысушы құрамалар thumb|200px|Атлеттер саны бойынша құрамалардың бөлінуі 204 Ұлттық Олимпиада комитеттерінен (ҰОК) 10 500-ден астам атлеттер қатысты. Бұл Ұлыбритания тарихында болған 1948 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпида ойындары мен 2002 жылғы Манчестердегі Достастық ойындарынан асып түсті.
2011 жылдың маусым айындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) кезекті отырысында ХОК мүшелігінен айырылып қалған Нидерланд Антиль аралдары Олимпиада комитетінің үш спортшысы мен ҰОК мойындалмаған Оңтүстік Суданның бір спортшысы Олимпиада туының астында жарысқа қатысатын болады.
Атлеттер саны бойынша сұрыптау