Грузия,https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/612324https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-pen-irakliy-kobahidze-kelissoz-zhurgizdi-29572 кейде Гүржістанhttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/731383 ( , Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауларының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхазия (1931) және Аджария (1921) республикалары енеді.

Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 3,9 млн. Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Үкімет басшысы — премьер-министр. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 жылғы 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари.

Тарихы XV ғасырға дейін Грузиндер, ұлт ретінде, антикалық дәуірден бері бар. Елдің Тбилиси (бұрын Тифлис) атты астанасын V ғасырда король I Вахтанг Горгасали құрған еді. Бұл кездері қазіргі Грузияның батыс жерлері Рим империясына бағынышты еді.

Парсы еліне шапқыншылықтары кезінде, VII ғасырға қарай арабтар Кавказға басып кірді. Грузия осылайша VII ғасырдың ортасынан 1122 жылдағы IV Давид қолынан Тбилиси әмірлігінің ыдырауына дейін арабтарға бағынышты болған. Әмірліктің орнын көп ұзамай Грузин патшалығы алды. Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде ыдыраған патшалықты V Георгий Көрнекті 1299–1302 жылдары қайта құрды. Патша Георгийдің өлімінен кейін, XV ғасырға қарай грузин мемлекеттігі жоқ болды.

Ерте Жаңа заман 1400 жылдары Грузия бірнеше кінәздікке бөлінді. 1541–1544 жылдары парсылар шығыс Грузияға төрт рет шапқыншылық жасады. 1555 жылдан грузиялық патшалар парсылық шаһқа бағынатын болды.

Жаңа заман 1783 жылы Ресей патшайымы II Екатерина мен грузин патшасы II Ираклий Георгиевск трактатына қол қойды да, Ресей осылайша Грузияны қорғауға құқық алды. 1798 жылы парсылар Тбилисиді өрттеп жіберді. 1811 жылдан 1918 жылға дейін Грузия Орыс патшасына бағынышты еді. 1918–1921 жылдары Грузия Грузин демократиялық республикасы ретінде тәуелсіз болды, алайда көп ұзамай оны Кеңес одағы жаулады. Кеңестік оккупация 1991 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты.

Посткеңестік заманы 1991 жылы Грузия тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы референдум барысында грузиндердің көпшілігі тәуелсіздік қолдады. Ел осылайша КСРО-дан бөлініп шықты. Алайда төңкеріс нәтижесінде тұңғыш президент Звиад Гамсахурдия биліктен тайдырылды да, елде 1993 жылға дейін қысқа азаматтық соғыс орын алады.

1990–1992 жылдардағы бытыраңқылық пен зорлық-зомбылық нәтижесінде 1992 жылы Оңтүстік Осетия өз тәуелсіздігін жариялады. Грузин, осетин мен ресейлік әскерилердің келісімінен кейін-ақ жағдай бәсеңдеді. 1992 жылдан 1993 жылға дейін Грузия Абхазия сепаратизміне жол бермейтін болды да, аймаққа әскерін жіберді. 30 000-ға дейін адам көз жұмған. 1994 жылы екі жақ бітім жасады.

Эдуард Шеварднадзе сайлауды бұрмалады деген айып көреді де, Раушан төңкерісі нәтижесінде биліктен қуылады. 2003 жылы билікке батысшыл Михаил Саакашвили келеді. 2004 жылы грузиялық және оңтүстік осетиялық әскерилер шайқасты. Сол жылы Аджария дағдарысы да орын алады, алайда бұл төңкеріс қантөгіссіз өтеді. 2008 жылы Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін мойындады, бұл екі аймақты халықаралық қауымдастық әлі де мемлекет деп танымайды.

2000 жылдардан бері Грузия Еуропа одағы мен НАТО-ға мүшелігін ұсынып тұр. 2008 жылы Ресей Грузияға заңсыз басып кірді да, Грузия территориясының 20%-нан айырылды. Абхазия мен Оңтүстік Осетия әлі де Ресей оккупациясында тұр.

2024 жылғы 26 қазаннан бері жемқорлық пен ресейшіл авторитаризм айыптарын көрген Грузин арманы партиясы

сол күнгі парламенттік сайлауды бұрмалады деген айып көріп жүр. Грузин арманы Еуропа одағына мүшелік жайлы келіссөздерді 2028 жылға дейін жылжытты да, бұл және басқа да себептерден елде саяси дағдарыс жүр, жаппай наразылық шаралары жалғасып жатыр.

Географиясы нобай|солға|Грузия картасы

Грузияның Ресей, Әзербайжан, Түркия және Армения мемлекеттерімен шекарасы бар. Елдің Қара теңіз бойы жағалауы бар. Кавказ тауларында орналасқан бұл елдің ең жоғарғы нүктесі 5 193 метр биік. Елде 25 000 шақты өзен бар.

Әкімшілік бөлінісі Грузия 9 аймақ, 1 қала мен 2 автономиялы республикадан құрылған. Бұлар 67 аудан мен 12 автономиялы қаладан тұрады.

Абхазия аймағы 1999 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған. Оңтүстік Осетияны Грузия үкіметі «Цхинвал аймағы» деп таниды. Екі аймақ та, Грузия мәліметінше, Ресей тарапынан жауланған.

Аймақ Center Ауданы (км2) Халқы Тығыздығы Абхазия Сухуми 8,660242,862 28.04 Аджария Батуми 2,880333,953 115.95 Гурия Озургети2,033113,350 55.75 Имеретия Кутаиси6,475533,906 82.45 Кахетия Телави11,311318,583 28.16 Квемо-Картли Рустави 6,072423,986 69.82 Мцхета-Мтианети Мцхета6,78694,573 13.93 Рача-Лечхуми және Төменгі Сванетия Амбролаури4,99032,089 6.43 Самегрело-Жоғарғы Сванетия Зугдиди7,440330,761 44.45 Самцхе-Джавахети Ахалцихе6,413160,504 25.02 Шида-Картли Гори 5,729300,382 52.43 Тбилиси Тбилиси 7201,108,717 1,539.88

Халқы 2023 жылғы 1 қаңтарда жасалған санақ бойынша Грузияда 3 736 400 адам тұрады.

Ұлттық құрамы 2014 жылғы халық санағы бойынша Грузияда бұл ұлт өкілдері тұратын:

Халық % Халық % Халық % грузиндер 86,8 осетиндер 0,4 гректер 0,1 әзербайжандар 6,3 күрд-езидтер 0,3 ассириялықтар 0,1 армяндар 4,5 украиндар 0,2 еврейлер, абхаздар, күрдтер, аварлар мен басқалары 0,4 орыстар 0,7 кисттер 0,4

Тағы қараңыз Грузия қалаларының тізімі

Дереккөздер

Пайдалы сілтемелер Грузия жаңалықтары Парламент Президент Жоғарғы сот «Свободная Грузия» газеті

* Санат:Посткеңестік елдер Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері