Еділ қаған немесе Аттила (көне түркі тілінде Атил, , , 400 жыл – 453 жыл) — батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Сол кезеңнің оқиғалары туралы тарихи шығармаларда, жылнамаларда және эпикалық туындыларда мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқан.

Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзенінне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды. 444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндар мемлекетін басқарды.

Тарихнамасы және дереккөздер Тарихшылар Еділ қағанды тұлға ретінде сипаттағанда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі жазба түрінде біздің заманымызға дейін жеткен деректер көбіне грек немесе латын тілінде жазылған. Көсем туралы ең көп мәлімет берген римдік тарихшы әрі дипломат Приск Паний. Приск 449 жылы ІІ Феодосидің қасына еріп тарихи кездесуге қатысып сол кездегі болып жатқан оқиғалардың куәгері болған. 434 жылдан 452 жылдардың шежіресін 8 томдық шығармаға жазған Приск жалғыз өзі ғана Еділ қағанның сыртқы көрінісін бейнелеген.

Присктің көптомды шығармасынан басқа бізге дейін жазба түрінде Прокопий және Иордан атты алтыншы ғасырдың тарихшыларының мәліметі жеткен. Оларда көбіне Присктің еңбегіне сүйене отырып мәлімет қалдырған. Византиялық тарихшы Марцелин Комит және канцлер Юстианин аздап, фрагмент ретінде өз жұмыстарында ғұндардың көсемі туралы деректер жазған. Тағы бір дереккөздер ол VI - XII ғасырлардағы шіркеу шығармалары. Бұлар тарихтың ағынымен ғұндардың қарсыластары жағында болған. Сол себепті көбіне жағымсыз жағынан, негативті сипаттаған.

Ғұндардың өзі көсемді каһарман ретінде ауызба-ауыз өздерінің аңыздарында жырлаған. Олардың үзінділері бізге дейін скандинавтардың және немістердің сагалар арқылы эпос түрінде жеткен. XII ғасырда мажар жазушылары ғұндарды өз бабалары деп көптеген шығармаларында құрметтеп, ұлттың батыры ретінде пір тұтқан.

Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.

Атилла есімі Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила»,«Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).

Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).

Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзенің атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal).Г. Дёрфер («О языке гуннов», 1973)

«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.

Көсемнің бейнесі

Тарихшы Иордан Присктің сөздеріне сүйене отырып, Еділдің бір ерекше тұлға болғаны туралы айтады.

Бұл сипаттама азиялық немесе моңғолоидтық нәсілге келеді.

448 жылы Присктің берген мінездемесіне сәйкес ол қарапайым, кішпейіл адам болғанға ұқсайды. Қарапайым киімді ұнататын, ағаш ыдыстан тамақ жейтін, қаруын алтынмен әшекейлемеген қолбасшы. Жалпы Приск Еділді шығыстан шыққан көшпенділердің көсемі сияқты емес, германдық орта ғасырлық король сияқты сипаттаған.

Әйелдері мен балалары Еділ қағанның некесі де көп болған, балалары да көп болған. Балаларының арасында Эллак есімді үлкен ұлының аты шыққан. Осы ұлын көсем көзі тірі кезінде ізбасары деп жариялаған.Jordanès, XLIX Әйелдерінің арасында тарихта қалған Ильдико атты ең соңғы әйелі. Осы әйелінің қасында алғашқы неке түнінде Еділ қаған осы күнге дейін белгісіз себептен қайтыс болған..

Ататегі және билікке келуі

Еділдің туған жылы мен туған жері осы күнге дейін белгісіз. Көсемді көзімен көрген Приск Паний 448 жылы сақалына енді ақ түскен адам деп сипаттаған.Priscus of Panium: fragments from the Embassy to Attila Сол жылдары Еділ үлкен ұлын акацирларға басшылық етуге жіберген. Бүгінгі күнге белгілі мәліметтерді талдаған кезде Еділ қаған жобамен V ғасырдың бірінші онжылдығында туған деп айтуға болады.

Еділдің әкесі МұнзықJordanès, XXXV ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руғила (Роас, Руа) ғұндардың атақты көсемдері болғанИордан (Гетика, 180). Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған.Сократ Схоластик, «Шіркеу тарихы», 7.30 thumb|Бледа мен Аттила

Ғұндардың қоғамы жауынгерлер қоғамы болғандықтан Еділ қаған жас кезінен сол кездегі басқа ғұндардың ұрпақтары сияқты атпен шабу мен садақ атуды үйреніп өскен.Bóna,2002,p 30 Сонымен бірге ғұндардың басқа да жасөспірімдері сияқты өз еркіндігімен басын бинттермен таңғызып, бас сүйегініне деформация жасаған.Bóna,2002,p 26Escher Lebedynsky,2007,p 62

434 жылы Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда Бледа Еділден жасы үлкен болған. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды.

Еуропаға жорық 420 жылдары ғұндар Паннонийорталық Еуропадағы аймақ, рим провинциясы жерлерін (қазіргі Венгрия) мекендеген.J. B. Bury, History of the Later Roman Empire, ch. 7.3 Дунай мен Рейн аралығында билік жасап, варвар тайпаларын бодан қылып жүрген ғұндар Батыс және Шығыс Рим империяларына да қауіп төндірген. Осы текетіресте германдық тайпалар Еділдің жағында болған.

Византияға алғашқы жорығы (441–442) thumb|250px|left|Италияға жорық Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды.Марцеллин Комит (441 ж): Hunnorum reges numerosis suorum cum millibus in Illyricum irruerunt: Naisum, Singidinum, aliasque civitates, oppidaque Illyrici plurima exciderunt. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған.Феодорит, V.37; Марц. Комит, 441 г.; ІІ Феодосийдің новеллалары, 26 шілде 441, V.1

Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының Марг (Μάργος), Морава (Сербиядағы өзен) Дунайға құйылатын жерде орналасқан қала епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болғанПриск, Дестунистің аударымында дін қызметкерлерінің мазарларды тонауы сол кезде жиі кездесетін жағдай болған. Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі Костолац) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.

Әрі қарай ғұндардың әскери әрекеттері Дунайдың шығыс жағына, яғни Ратиария жаққа қарай (қазіргі Арчар болгар селосы) және оңтүстіктегі Морава өзенінен Наисс (қазіргі Сербияның Ниш қаласы) жаққа қарай бағытталған.

Присктің айтуы бойынша 442 жылға таяу шайқастар тоқтап, ғұндар қазіргі Сербияның аумағындағы Дунайдың оңтүстігіне қарай «бес күндік жол» алатын кең алқапты басып алады.

Византияға екінші жорығы (447) thumb|250px|left|Ғұн империясы Бірінші мен екінші жорықтардың арасында Бледа қайтыс болып, 444 жылдан бастап Еділ ғұн империясын жалғыз өзі басқарды.

Византияға жорықтардың хронологиясын тарихшы О. Д. Менхен-Хельфен «Ғұндар қауымы» атты жұмысында анық айқындаған. Алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Бұл ультиматумға ІІ Феодосий императоры империяны қорлайтын ұсынысс деп қабылдап, ұсынысқа қарсы болып соғыс жариялайды.Приск, Дестунистің аудармасында, фр.3 Нәтижесінде Аттила Ратиарияны басып алып, 446 жыл немесе 447 жылдың басында Византияның Балкандағы аймақтарына шабуыл жасай бастайды. Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттаған кезде мынандай сөздерді жазыпты: «Бірінші соғысқа қарағанда көп есес ауырлау болған бұл сұмдық соғыста, Аттила бүкіл Еуропаны үгіп ұнтақтап тастады».Марцеллин Комит, г. 447 Еділ бастаған ғұн әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.

Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448–450) thumb|left|250px|Еділдің тойлауы. Оң жағында византиялық дипломат және тарихшы Приск Паний, Мор Тан, 1870 II Феодосий жеңілгенін мойындап өз әскери магистрі Анатолийді ғұндармен келіссөзді жүргізуге жібереді. Бұл бітімшарттың талаптары 444 жылғы алғашқы бірінші жорығынан кейін бекітілген талаптарынаNov. Theodos. XXVI, 1 қарағанда көп есе қатаң болып табылды. Алғашқы келісімді бұзғаны үшін жаза ретінде 6000-нан астам римдік фунт алтынды беруді императорға мақұлдатты. Одан басқа талаптары да күшейтілген: жыл сайынғы салық 700 кг римдік фунт алтынынан 3 есе, яғни 2100 кг болды. Әр тұтқындалған рим сарбазының төлеп босату құны 12 солидке дейін барды.

Белгіленген алым-салығы қанағаттандырылғаннан кейін ғұндар өз жерлеріне қайтып оралды.

445 жылдар шамасында Бледа қайтыс болды. Еділ ғұндардың жалғыз басқарушысы болып қалып 448 жылы Қара теңіздің солтүстігін мекендеген акацирларды үлкен ұлы Эллактың қарамағына берді.

450 жылдың шілдесінде император II Феодосий аттан құлап қайтыс болады. Орнына келген әскербасы болып қызмет еткен Маркиан бітімшартта айтылған мөлшерінде салық төлеуден бас тартады. Еділге тек қана өзі дұрыс деп санаған сыйлықтарды беріп, ал егер де көнбесе соғыс бастайтынын хабарлайды.

451 жылдың ерте көктемінде ғұндар және оларға тәуелді басқа тайпалардың әскерлері Галлияға басып кіреді.

Батыс Рим империясымен соғыс (451—454)

Галлияға жорық (451)

thumb|left|350px|Ғұндардың Галлияда қозғалу бағытары

451 жылы Еділ қаған бастаған жауынгерлер әскері Құрамында ғұндардан басқа германдық вассалдар (гепидтер), остготтар, швабтар, алемандар, тюрингтер, франктар, бургунддар, аландар, сарматтар және т.б. варвар тайпалары болған ерте көктемде Галлияға шабуылды бастайды. Ғұндар сарбаздарының саны белгісіз, бірақ сол кезеңнің ырғағына қарағанда шабуыл қозғалысы баяу болған деп баға берілген.Escher et Lebedynsky 2011, p. 22-24 беттер

451 жылдың 7 сәуірінде ғұндар бірінші Мец қаласын, сосын Трир, Кёльн, Реймс, Тонгерен, Труа қалаларын бірден басып алды. Сол жылдың 14 шілдесінде Римдік Галлияның орталығы Орлеан қаласын қоршауға алып, ұрысты бастайды. Қала қамалдарын тарандармен тесе бастаған кезде римдік әскербасы Флавий Аэцийдің және вестготтардың королі І Теодорихтың біріктірілген әскері Орлеандықтарға көмекке келеді. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.