Магний кентастары Магний кентастарыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; — магнийлі қосылыстардан құралған минералдық шикізат. Оның жер қыртысындағы орташа мөлшері 2,1%. Кейбір ультранегізді магмалық және карбонатты шөгінді жыныстарда 21 — 47%-дай MgO болады. Құрамына жүзден аса минерал кіреді. Мысалы, брусит Mg(OH)2 41,7% магнийді құрайды; магнезит MgСO3 (28,8% Mg); доломит MgСO3СаСО3 (18,2% Mg); кизерит MgSO4Н2О (17,6% Mg); бишофит MgCІ26H2O (12,0% Mg); лангбейнит 2MgSO4К2SO4 (11,7% Mg); эпсомит MgSO47Н2О (9,9% Mg); каинит MgSO4КСІ3Н2О (9,8% Mg); карналлит MgCl2KCl6H2O (8,8% Mg), астраханит MgSO4Na2SO44Н2О (7,3% Mg); полигалит MgSO4 2СаSО4К2SО42Н2О (4,2% Mg). Магний кентастарының басты кен орындары магнезиялы калий тұзды қазбалары. Магнезиттің ірі кен орындары метаморфозды доломиттерде көп кездеседі. Магнезит отқа төзімді шикізат, магний металын алуға қолданылады. Калий-магнийлі тұздарды тыңайтқыш алу үшін өңдегенде шыққан қалдықтардан да магний алынады. Солтүстік Арал маңындағы Жақсықылыш, Жаманқылыш көлдерінде, Жамбыл облысындағы Тұзкөлде эпсомит, астраханит сияқты магнийлі тұздардың қабаттары ұшырасады. Маңғыстаудағы Қаракие]] ойысына Каспий теңізінен құйылған су буланғанда едәуір мөлшерде магнийлі тұздар тұнады. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ультранегізді талькты-карбонатты жыныстарында Магний кентастарының мөлшері мол.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер