Қызылқайнар ауылдық округі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Жасөркен, Қызылқайнар ауылдары кіреді. Орталығы – Қызылқайнар ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Жер көлемі - 20644 га.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Жасөркен ауылы 1202 1765 146,8 592 928 156,8 610 837 137,2 Қызылқайнар ауылы 3732 3243 86,9 1890 1608 85,1 1842 1635 88,8 Жалпы саны 4934 5008 101,5 2482 2536 102,2 2452 2472 100,8
Ауылдық округте Жасөркен, М.Әуезов атындағы орта мектептер, дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт бар.
Ауыл тарихы "Шолақ діңгек" - таудан аққан сулар жарды талдың кесілген діңгегіне ұқсатып шайғандықтан жер бедеріне байланысты Шолақ діңгек ауылдық кеңесі болып құрылып, құрамына Жасөркен және Қызылқайнар ауылдары кірген. 1939 жылы "Шолақ діңгек" ауылдық кеңесі Ақжар ауылдық кеңесі болып қайта құрылды. 1954 жылы Гродеково селолық кеңесі құрамында болды. 1975 жылы қайта бөлініп шықты. 1987 жылы қайтадан Гродеково әкімдігінің құрамына еніп, 2001 жылы Қызылқайнар ауылдық округі болып қайта құрылды.Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері