Есбол ауылдық округі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Кулагино ауылдық округі деп аталған.Индер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы Округ аумағы - 200 472 га. Тұрғын үй саны - 967.
Әкімшілік құрамы Құрамына Есбол, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Есбол ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Елеусін ауылы 2007 жылдан бастап Есбол ауылының құрамына енгізілген.Индер ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы
Халқы +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Есбол 3798 4189 4307 3953 Елеусін 364 - - Ынтымақ 512 756 501 473 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4426 адамды құрайды.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2022 жылғы ақпарат бойынша округтегі халық саны 5127 адамды құрайды. Оның ішінде қазақтар - 5044, орыстар - 60, татарлар - 4, басқалары - 19.Есбол ауылдық округі туралы ақпарат
Дереккөздер
Санат:Индер ауданы ауылдық округтері