Еркесары Адыранова (1939 ж. т., Сырдария ауданы Маханбет ауылы) – еңбек ардагері.

Өмірбаяны Орал қаласындағы сауда техникумын (1962) бітірген. Қарағанды сауда институтын бітірген (1972). 1958–60 ж. Қызылорда облыстық тұтынушылар одағына қарасты сауда базасында еңбек етті. 1962–69 ж. Сырдария аудандық тұтынушылар қоғамының сауда мекемесінде бас есепші 1969–95 ж. Сырдария аудандық тұтынушылар қоғамының сауда мекемесінің директоры қызметін атқарды.

Жетістіктері Адыранованың есімі Қазақстанның алтын «Құрмет кітабына» енгізілген. Ол Сырдария ауданының «Құрметті азаматы»."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1939 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Қазақстанның Құрмет кітабына енгізілгендер Санат:Сырдария ауданының (Қызылорда облысы) құрметті азаматтары