Елена Викторовна Артықбаева — педагогика ғылымының докторы (2010), доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 20 қазанда Ресей, Ленинград облысы, Тихвин қаласында туған.
Ленинград мемлекеттік педагогикалық институтын (1982, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген. 2003 жылдан Республикалық білім ақпараттандыру орталығында директордың орынбасары, "Ұлттық ақпараттандыру орталығы" АҚ–нда департамент директоры болды, қазіргі таңда Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде қызмет атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Теория и технология электронного обучения в общеобразовательной школе" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 60 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 6 оқу құралы, 40 шақты мақалалар авторы.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі иегері (2006).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Артыкбаева Елена Викторовна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары