Есі ауысқан қылмыскерлерлерге арналған Элизабет Аркем емханасы () Аркем емханасы () деп жиі айтылады немесе жай ғана Аркем ([ˈɑrkəm]) — DC Universe комикстері ғаламындағы Готэм Сити қаласының ойдан шығарылған емханасы.

Ғаламның көптеген зұлымдары, әсіресе Бэтменнің жаулары (Джокер, Улы Шырмауық, Жұмбақшы, Пингвин, Екіжүзді, Қорқытушы, Бейн, Кісі өлтіруші Крок және Харли Квинн) ұсталғаннан кейін осында тоғытылады. Емхана ойдан шығарылған Аркем қаласындағы емхана атымен аталған. Бұл атау Говард Лавкрафтың еңбектерінде кездеседі. Лавкрафт шығармаларында емхана «Asylum» емес, «Sanitarium» деп аталадыArkham Asylum: A Serious House on Serious EarthАғылшын-орыс практикалық транскрипциясының ережелеріне сәйкес.«Аркхем» атауыда кең тараған..

Жарияланым тарихы Аркем емханасы алғаш рет 1974 жылы Деннис О'Нилл жазған Batman #258 комиксінде пайда болды. Бұл әңгімеде мекеменің атауы «Arkham Hospital» деп аталды. «Arkham Asylum» атауы алғаш рет келесі жылы О’Нилдың басқа әңгімесінде жарық көрді. «Arkham Asylum» атауы 1979 жылдан бастап толықтай қолданысқа енді. Кейде мекеме атауы «Arkham Sanitarium» деп өзгеріп отырған. 1979 емхананы Готэмге жақындатты, 1980 жылы Готэмнің маңайына көшірілді. Өйткені Batman #326 комиксінде Ли Вейн емхананың мекенжайын «Готем Ситидің түбінде» деп сипаттаған. Сондықтан болар, дәл сол шығарылымда (#326) Аркем емханасы алғаш пайда болды делінеді. Дәл осы Вейн 1985 жылы Who’s Who #1 комиксінде емхананың шығу тарихын жазып қалдырған. Дереккөздер

Санат:Бэтмен