Футболдан Еуропа чемпионаты 1964 — 1964 жылы Испанияда өткен Еуропаның екінші футбол чемпионаты. Финалда Испания құрамасы КСРО құрамасын 2:1 есебімен ұтып, алғаш рет Еуропа чемпионы атанды. 1960 жылмен салыстырғанда, іріктеу турниріне қатысқандар саны айтарлықтай өсті. 1960 жылдың іріктеуіне 17 құрама ғана қатысқан болса, бұл жолы 29 құрама бақ сынады. Іріктеу турнирінде Люксембург құрамасы сенсация жасады. Әуелі олар Нидерланд құрамасын 1:1, 2:1 есептерімен ұтты да, келесі сатыда да Данияға да қатты қарсылық танытты. Нәтижеде, даттар бұларды үш ойын өткізіп барып әзер ұтты.
Жартылай финал
Үшінші орын үшін
Финал
Мергендер 2 доп Ференц Бене Деже Новак Хесус Мария Переда
Санат:Футболдан 1964 жылғы Еуропа біріншілігі