«Қалқаман» — Алматы метросының жобаланған 12-ші бекеті. Бірінші бағытта «Бауыржан Момышұлы» және «Автовокзал» бекеттерінің арасында, Әшімов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан.
Құрылысы Метро бекеттің құрылысы 2020 жылы басталды, бірақ Наурызбай ауданының қарқынды дамуына байланысты 2022 жылы оның трассировкасы мен орналасуы қайта қаралды. Жаңа жобада жерасты тоннельдерінің ұзындығы 1,98 км болады, ал бекет Абай даңғылы бойында, Әшімов көшесінен батысқа қарай орналасады. Платформаның ұзындығы 98 метр, ал оған іргелес аумақта 380 автотұрақ орны және 28 автобус тұрақ орны қарастырылады. Жобаның бас мердігері – «BCN-Group» (бұрынғы Bazis Construction).
2026 жылы ақпан айында туннель қазу жұмыстары аяқталды.
Ашылуы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында жоспарланған.
Жоба Бекет терең іргетаспен қаланды, жабық әдіспен салынды. Бұл «Бауыржан Момышұлы» бекетінен кейін болады.
Орналасуы Наурызбай ауданындағы Қалқаман шағын ауданында Абай мен Әшімов көшелерінің қиылысында орналасатын болады.
Архитектурасы мен безендірілуі «Қалқаман» — метро бекеті терең жер астында орналасқан.
Дереккөздер
Сілтемелер Бекеттің безендірілуі Алматыда «Қалқаман» метро бекеті 11 айда дайын болды.
Санат:Алматы метро бекеттері