МұхаммедТолық есімі — Әбу әл-Қасым Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абд әл-Мутталиб ибн Һашим ибн Абд Манаф ибн Құсай ибн Киләб (). Онымен қоса көптеген аттар және эпитеттермен танымал, мысалға: Алла елшісі, Мұхаммед пайғамбар, соңғы пайғамбар және т.б; Мұхаммедтің есімінің көптеген нысандары бар: Мехмет, Махмұд, Ахмет, Мухаммад, Магомед, Махамад және т.б. ( ; шамамен 570, Мекке, Хиджаз — Elizabeth Goldman (1995), s. 63 gives 8 June 632, the dominant Islamic tradition. Many earlier, mainly non-Islamic traditions refer to him as still alive at the time of the invasion of Palestine. See Stephen J. Shoemaker,The Death of a Prophet: The End of Muhammad's Life and the Beginnings of Islam, University of Pennsylvania Press, 2011., Медине) — мұсылман діни, саяси, әскери және қоғам қайраткері, ислам дінінің негізін салушысы және орталық фигурасы. «The Prophet of Islam was a religious, political, and social reformer who gave rise to one of the great civilizations of the world. From a modern, historical perspective, Muḥammad was the founder of Islam. From the perspective of the Islamic faith, he was God's Messenger (rasūl Allāh), called to be a "warner," first to the Arabs and then to all humankind.» Ислам ілімі бойынша ол Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және басқа да пайғамбарлардың монотеистік ілімдерін уағыздап, растау үшін жіберілген Құдайдың соңғы пайғамбары («пайғамбарлар мөрі»).Құрандағы «Пайғамбарлар мөрі» (хатам ән-нәбиин) эпитетін мұсылмандардың көпшілігі Мұхаммед Алла тағала жіберген пайғамбарлардың соңғысы деген мағынада түсінеді. Баламалы көзқарас оның мәртебесі исламда Құран заңын қолдайтын кішігірім пайғамбарлық формаларының болуын жоққа шығармайды және бұл көзқарасты ең алдымен қазіргі Ахмадия қозғалысы қолдайды. Қараңыз:

Esposito (1998), s. 12.Esposito (2002b), ss. 4–5. Мұхаммед Арабияны біртұтас мұсылман мемлекетке біріктіріп, ал Құран және Мұхаммедтің ілімдері мен дәстүрлерін исламдық діни сенімнің негізіне айналдырды.

Шамамен 570 жылы (Піл оқиғасы) Мекке қаласында дүниеге келген Мұхаммед, балалық шағында жетім қалған. Көкесі Әбу Тәліптің қолында өскен. Мезгілімен түндерін Хира тауының үңгірінде ғибадат жасаумен оңашаланып өткізетін. Кейін 40 жасында үнгірге Жәбірейіл періште келіп, Алладан ең алғашқы уахи түсірілді. Үш жылдан соң, 610 жылы, Мұхаммед бұл уахилерін ашық түрде уағыздай бастады. Исламның басқа да пайғамбарлары сияқты "Құдайдың бір" екенін, оған толықтай "бойсұну" (ислам) – амалдың (дін) тура жолы екенін және өзінің Алланың соңғы пайғамбары және елшісі екенін жариялады.

Мұхаммед алғашқы ерушілерімен (сахабалар), Меккелік бірнеше тайпалардың қарсылығына тап болды. Қуғыннан құтылу үшін, Мұхаммед кейбір ерушілерін Абиссинияға жіберді, кейін 622 жылы барлық сахабаларымен Меккеден Мединеге (Ясриб) жер аударды. Бұл оқиға — Хижрадан, Ислам күнтізбесі басталады (Хижри күнтізбе). Мединеде Мұхаммед тайпаларды Медине дәстүріне біріктіреді. 629 жылы желтоқсанда, Меккелік тайпалармен қақтығыстың үзілгенінен сегіз жыл өткен соң, Мұхаммед жаңадан қосылған 10,000 мұсылмандардан әскер құрып Меккеге жорыққа шықты. Шайқас негізінен талассыз өтіп, Мұхаммед қаланы аз қантөгіспен алды. 632 жылы, соңғы қажылықтан қайтқаннан соң бірнеше айдан кейін, ол ауырып қайтыс болды. Оның өлімінің алдында, Арабия түбегінің көбі Исламға өтті.

Мұхаммедтің өмірінің соңына дейін түскен уахилер (әрқайсысы Аят "Құдай белгісі" деп аталады), Құранның сүрелерін құрайды. Мұсылмандар оны "Құдайдың сөзі" деп санайды және дін соған негізделеді. Құраннан бөлек мұсылмандар Мұхаммедтің сөздері мен іс-әрекеттеріне (сүннет), хадис, сира әдебиеттеріне сүйенеді және ислам құқықтары (шариғат) ретінде қолданады.

Аты thumb|Мұхаммедтің аты каллиграфиялық және әдепкі нұсқада жазылуы Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Құранда ол өз атымен тек бес-ақ рет аталған, бірақ одан бөлек ол пайғамбар (ән-Нәби), хабаршы (Расул), Құдайдың құлы (Абд), хабаршы (Башир), ескертуші (Назыр), еске салушы (Музаккир), куәгер (Шаһид), Құдайға шақырушы (Да’и) және т.б. есімдерімен аталады. Мұсылман дәстүрі бойынша Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда немесе жазылғанда, әрқашан «Саллалаһу әлейһи уә сәлләм» () – яғни «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады.

Мұхамедтің толық атының құрамына Адам атадан басталып барлық танымал аталарының есімі кіреді, сонымен қатар оның ұлының атына байланысты әл-Қасым деген куньясы да бар.

Мұхаммедтің толық аты былай: Әбул Қасым Мұхаммед ибн ибн Абдулмутталиб ибн ибн ибн Қусай ибн Килаб ибн ибн Кааб ибн Лүуәй ибн ибн Фихр ибн Малик ибн ан-Надр ибн ибн Хузәйма ибн Мудрикә ибн Ильяс ибн Мудар ибн ибн Мәад ибн ибн Адад ибн Мукаввим ибн Нахур ибн Тайрах ибн Иаруб ибн Яшжуб ибн Набит ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн ибн Нахур ибн Саруг ибн Шалих ибн Ирфхашад ибн Сам ибн Нұх ибн Ламк ибн Матту Шалах ибн Ахнух ибн Иард ибн Махлил ибн Кайнан ибн Ианиш ибн ибн Адам.Ибн Хишам «Жизнеописание Пророка Мұхаммеда», изд. рус. 2002, 2003 г.

Дінге сенетіндер оны құрметтеп куньясы бойынша Әбул Қасым деп атаған және Мұхаммедтің көзі тірісінде тек ол ғана осы куньяның иесі болған. Ал Мұхаммед пайғамбарға дұшпандықпен қарағандар, оны мазақпен Ибн Әбу Кабша деп атаған, яғни Әбу Кабшаның ұлы деген. Ол сүт анасы Халиманың күйеуі болған.

Сырт бет-әлпеті

Исмаилдың ұрпағы (араб-) бола тұра, Мұхаммед пайғамбар басқа арабтардан (кахтаниттерден) терісінің ашық түстілігімен ерекшеленген. Оның заманындағы куәгерлердің айтуынша, Мұхаммед пайғамбар кең иықты, орта бойлы, қолдары мен табандары ірі болған. Мұхаммед пайғамбардың сақалы қалың, ауызы мен көздері үлкен болған. Жауырындарының арасында рельефті үшбұрыш түріндегі пайғамбарлықтың мөрі орналасқан.Аль-Бухари (№ 5908), Муслим (№ 2340) Оның кірпіктері ұзын, маңдай жағында біріккен қастары қиғаш болған.О достоинствах Пророка Мұхаммеда, мусульманской нравственности и праведном поведении. Мұхаммед ибн Джамиль Зину

Исламдық тарихшы және дін маманы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари өзінің «Жалпы тарих» кітабында пайғамбардың кейіпінің келесі сипатын берген. «Оның бойы орташа: ұзын да емес, қысқа да емес. Оның беті қызғылт-ақ, көздері — қою, шашы — қалың, жалтыраған, өте әдемі болған. Беті сақалмен көмкерілген. Ұзын шашы иығына дейін жеткен. Және түсі қара болған… Оның жүрісінің нақты болғаны соншалық, әр адымдағыны сайын жерден шығып бара жатқандай көрінетін, сонымен қоса оның қозғалысының жеңіл болғаны соншалық, құдды бір жерге аяғы тимегендей көрінетін. Алайда оның жүрісінде сол заманның мықтыларына лайық тәкәппарлық болмаған. Оның жүзінде көз тайдыра алмастай мейірімділік болған. Ашыққандар оған бір қарағанда, тамақты сол мезетте ұмытып кететін. Қайғырушылар оның қасында, оның жұмсақ бет әлпетіне және дауысына тамсанып, қайғы-қасіреттерін ұмытатын. Оны көргендердің барлығы, ешқашан бұрын-соңды ондай әңгімелесуі сонша ұнамды адамды кезіктірмегендіктерін айтқан. Ол қыр мұрынды, сирек тісті болған. Анда-санда оның шашы еркін төмен түсіп түратын, кейде ол шашын үш немесе төрт байламға байлап қоятын. Іс жүзінде оның 62 жасында бірде-бір ақ шашы болмаған…»Посланник Аллаха. Ф. А. Асадуллин, Р. И. Султанов и др. Мұхаммед пайғамбар ақ түсті киімдерді киюді ұнатқан. Негізінде олар ұзын жейде (камис) және жолақты йемендік жамылғы (хибара), сонымен қатар белден айналдырып, жіліншіктің ортасына дейін жететін сәлде мен изар болған. Қолында «Мұхаммед — Алланың елшісі» деген жазуы бар күміс сақинасы болған. Ол өте таза жүретін, жиі денесіне хош иіс жағатын және тісін мисуакпен тазалайтынМухтасар аш-шамаиль" (№ 97, 188) Мұхаммед пайғамбардың дауысы кішкене қырылдаған болатын, ол сөзге шешен, қысқа және түсінікті, кейде адамдар сөзін толық есте сақтап алсын деп бір сөзін үш рет қайталап сөйлейтін. Ол жиі күлімсіреп жүретін, ал кейде күлгені сонша, азу тістеріне дейін көрінетін.

Мұхаммедтің басқа ислам пайғамбарларының арасындағы алатын орны

thumb|Мұхаммед пайғамбардың мөрі Ислам, Мұхаммедпен қоса, тағы басқа пайғамбарларды да мойындайды (олардың саны 124 мың болған деген нұсқалар бар, ал кей жерлерде олар 224 мың болған деген де нұсқалары барАхмад ибн Ханбал, Муснад, 5, 266), бірақ Мұхаммед жай ғана пайғамбарлардың бірі ғана емес, сонымен қатар осы тізбектегі елшілер мен пайғамбарлардың ең соңғысы деп айтылады. Және де, ол басқа елшілер сияқты (соның ішінде Иса пайғамбар да бар) тек жеке қалаға, ауылға, халыққа ғана емес жер бетіндегі барлық адамдарға жіберілген. Оның шариғаты (яғни моральді-өнегелік және діни-құқықтық ережелер мен принциптер кешені), ислам оқулары бойынша, Қиямет Күніне дейін өз күшін жоймайды. Басқа пайғамбарлар әкелген, барлық қалған шариғаттар өз күшін жоғалтқан (олардың барлығы уақытша сипатта болған). Сонымен, мұсылмандар, Тәурат мен Інжіл деген Қасиетті кітаптарды қабылдай отырып, олардың заңдарының әрекеттілігін мойындамайды, сонымен қоса олардың мағынасын адамдар бұрмалаған деп санайды.

Мұхаммед пайғамбарлар арасында ең жоғарғы орынды алады (сондықтан оның эпитеттерінің бірі — Пайғамбарлардың Мырзасы). Ислам бойынша, Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясына сену барлық адамдарға міндетті болып табылады, бүл соның ішінде христиандар мен яһудилерге де қатысты, олар да оның үндеуіне еріп, соңғы шариғатты қабылдауы керек.

Мұхаммедтің исламдағы орны мен оның шариғаты туралы былай жазады: «Монотеистік діндерде еш айырмашылық жоқ [яғни, бұрмаланбаған монотеистік діндерде], өйткені олардың барлығында — Мұхаммедтің миссиясы адамзаттың барлық діни дамудың шыңы болғандықтан, олар бір Құдай тізбегінің түйіні. Алайда, пайғамбарлармен жіберілген заңдардың (шариғаттардың) арасында өзгешеліктер бар».Аль-Буты Р. Фикх ас-сира ан-набавия [Понимание жизнеописания Пророка]. Каир: ас-Салям, 1999, с. 34.

Мұхаммед құрайшиттер тайпасына жатқан. Ол 622 жылы Меккелік пұтқа табынушылардан қысым көргендіктен, Меккеден Ясрибке қоныс аударды, осыдан кейін ол қала Медине деп атала бастады (бұл кезең — хижра (көшу) — мұсылман күнтізбесінің басы болып табылады), ал кейін өзінің жақтастарымен Меккені жаулап алды. 632 жылы Мұхаммедтің өлімі кезінде барлық Арабия түбегі исламға бет бұрған болатын, ал кейін пайғамбардың өлімінен кейін оның мұрагерлері («наменгерлер», халифалар) исламды, араб мәдениеті мен тілін, және де тұтас ғылымның дамуына әсер еткен жиналған ғылыми білімдерді (соның ішінде антикалық өркениеттікін де) өздері жаулап алған Шығыс Рим империясының азиялық және африкалық иеліктеріне, Еуропаның кішігірім бөлігіне таратты; Еуропадан басқа, аталған мәдени-тілдік жіне діни кеңістік қазіргі заманға дейін сақталып келеді. Мұхаммед тағы Пайғамбарлардың мөрі, Пайғамбарлардың мырзасы және Қиямет сағатының Пайғамбары деп те аталады. Мұсылман иманына, Мұхаммедтің басқа пайғамбарлармен қатар Аллаһтың елшісі деген сенімі кіреді (бұл ислам сенімінің белгісі — Шаһадада айқындалған) және ол соңғы пайғамбар болып табылады.

Діни оқуы

Ислам оқуы бойынша, Мұхаммед соңғы пайғамбар және Алланың елшісі болып табылады. Ислам, яғни бір Аллаһқа мойынсұну, барлық тақуаларға тән болған, соның ішінде Исаның, Мұсаның және басқа да танымал інжілдік пайғамбарлардың оқуларын қабылдай отырып Аллаһтың әмірін орындағандарға да тән. Алайда, ислам бойынша, яһудилік және христиандық оқулар адамдар тарапынан бұрмаланған, ал кейін Құранның түсуінің басталуынан соң өз күштерін жойған. Сонымен қоса Кітаптардың бұрмалануы Аллаһ білімінің шекарасында болған. Құран Алланың сөзі, соңғы Қасиетті Кітап, және еш өзгертуге түспейтін Кітап болып табылады. Алланың қалауымен, Соңғы Кітап араб тілінде болғандықтан, бұл тіл мұсылмандар үшін ерекше болып табылады. Тек арабша Құран Кітап болып табылады, ал басқа тілдердегі аудармалары (олар жиі «мағыналарының аудармасы» деп есептеледі) олай саналмайды.http://www.umma.ru/namaz/prayer/purity/