БОЛЖАМДЫҚ - ДЕДУКТИВТІК ТЕОРИЯ - жаратылыстану ілімін логикалық ұйымдастыру формаларының бірі. Болжамдық - дедуктивтік теория ұғымы математикалық методологияда қалыптасқаны сияқты, дедуктивтік немесе аксиомалық теорияның тұжырымды ұғымы болады, мұнда тәжірибе мен бақылауға сүйенетін жаратылыстану ілімінің ерекше проблемалары ескеріледі. Жалпы дедуктивтік жүйеге қойылатын талаптардан басқа Болжамдық - дедуктивтік теория ұғымы теория ережелеріне эмпирикалық бақылауды қамтамасыз ететін эмпирикалық талдау жасау мүмкіндігін шамалайды. Қазіргі кезде ғылым методологиясында Болжамдық - дедуктивтік теорияның шектелулілігі айтылып жүр, өйткені ол өзінің дәстүрлі түрінде ғылыми-теориялық білім құрылымының күрделілігін айқындауға мүмкіндігі жоқ және ол даму процесінен тыс статикада қаралады. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Болжамдық - дедуктивтік теория · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.