Голландтар (өз атауы -холандерс) — Герман халқы, Нидерландияның байырғы халқы. Саны 13,2 миллион адам. (2011, бағалау). Жалпы саны 15 миллионға жуық адам. (2006, бағалау). Олар сондай-ақ АҚШ-та (2000 жылғы санақ бойынша 4,5 млн адам), Канадада (1 млн адам – 2006), Оңтүстік Африка Республикасында (208 мың адам), Бельгияда (216 мың адам – 2011 жыл санағы ), Германияда (212 мың адам), Аустралияда (92 мың адам), Францияда (91 мың адам) тұрады.

Эндоэтнонимі Ағылшын тілінде – «Dutch»; неміс тілінде - «Holländeren»; исланд тілінде - «zzz»; индонезия тілінде - «Bangsa Belanda»; итальян тілінде - «Olandesi»; мажар тілінде - «Hollandok»; фин тілінде - «Alankomaalaiset»; литва тілінде - «Olandai»; латыш тілінде - «Niemcy»; испан тілінде - «Holandés»; поляк тілінде - «Holendrzy»; чех тілінде - «Nizozemci»; хорват тілінде - «Nizozemci»; орыс тілінде - «Голландцы»; украин тілінде - «Голандці».

Этимологиясы Голландтардың өзін-өзі атауы - холандерс. Holland сөзінің этимологиясы нақты анықталған жоқ. Кейбір тарихшылар оны holt, land сөздерінің туындысы деп есептейді, бұл тіркес «орманды алқап» дегенді білдіреді. Басқалары бұл терминнің этимологиясын «тереңдету» деп аударылатын holi сөзіне жатқызады. Бұл «терең жерлер» дегенді білдіреді. Niederlanden – «төменгі жерлер» сөзінің аудармасына сәйкес келеді.

Этногенезі Барлық этникалық топтар сияқты, голландтардың (және олардың негізін құрушылардың) этногенезі ұзақ және күрделі процесс болды. Голландтардың нақты шығу тегін анықтау қиын, голланд этникалық тобының белгілі бір сипаттамалары (мысалы, тілі, діні, сәулеті немесе тағамдары) ғасырлар бойы жинақталды, іздеу жұмыстарының деректеріне талдау жасау көбінесе жеке сипатта болды. Ең көп таралған, эпикалық нұсқа бойынша, голландтар -тарихи Нидерландының орталық бөлігінде өмір сүрген Герман батав тайпасының тікелей ұрпақтары болып саналады. Рим империясымен одақтас болған батавалар романизацияланды, бірақ біздің заманымыздың 69-70 жылдарында бұл факт олардың көтеріліске шығуына және Римге қарсы тұруына кедергі болмады.

Нәсілі Олар үлкен европеоид нәсілінің Атлант-Балтық кіші тобына жатады.

Сырт келбеті Голландтар - әлемдегі ең биік ұлт. Ерлердің орташа биіктігі — 183 см, әйелдер - 173 см. Негізінен ашық көзді аққұба болып келеді. Рейннің оңтүстігінде қоңыр және қою аралас көздер, әсіресе Зеландия мен Лимбургте көп. Голландиялықтар арасында ең көп таралған шаш түсі - сарғылт шаш, аққұбадан орташаға дейін, бірақ алтын ақшыл шаш солтүстікте, әсіресе Фриз аймағында жиі кездеседі.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай тұрғындардың шаштары мен терісі қарайып, бастары биік, беттері, мұрындары сәл қысқарады. Батыстан шығысқа қарай шаш сәл ақшылданып, басы сәл қысқарады. Адамдардың шаштары толқынданып, тік немесе дөңес мұрынды және табиғи түрде сәл сымбат денелі болады. Көздер әдетте ашық немесе аралас болады.

Тілі Голланд тілі - голландтардың көпшілігі сөйлейтін негізгі тіл. Бұл шамамен 22 миллион адам сөйлейтін батыс герман тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Голланд тілінде көптеген диалектілер бар. Бұл диалектілер негізінен алты негізгі категорияға бөлінеді: голландтық, батыс-фламандтық/зеландиялық, шығыс-фламандтық, брабантиялық, лимбургтік және голланд саксондары. Бұл диалектілердің ішінде солтүстік тұрғындары ғана голланд және голланд саксон тілінде сөйлейді. Қазіргі уақытта голланд тілі Нидерланды, Бельгия, Суринам, Аруба, Синт-Мартен, Кюрасао, Еуропалық Одақтың ресми тілі болып табылады.

Жазуы Қазіргі жазуы латын әліпбиіне негізделген: Aa Bb Cc Dd Ee Ff Gg Hh Ii Jj Kk Ll Mm Nn Oo Pp Qq Rr Ss Tt Uu Vv Ww Xx IJij Yy Zz

Діні Нидерланды – мемлекеттік діні жоқ зайырлы мемлекет. Дегенмен елде діни сенім бостандығы бар. Голландтар арасында христиан діні басым. Олардың ең үлкен тобы католиктік (11,7%), қалған бөлігі (12,8%) көптеген протестанттық шіркеулер арасында бөлінген. Халықтың қалған 7,7% - ислам (5,8%), индуизм, яһудилік, баһаи, буддизм және жергілікті діндер сияқты басқа діни ағымдардың өкілдері.

Тарихы Біздің дәуірімізге дейінгі 1-ші мыңжылдықтың екінші жартысында қазіргі Нидерланды жерлерін негізінен кельттер мекендеген. Біздің дәуіріміздің басында герман тайпалары қоныс аударды, олардың арасында ең танымалы және көп бөлігі фриздер мен батавтар болды. Римдік жаулап алу (б.з.д. I ғасыр — б.з.д. V ғасыр) кельттер мен батавтарды ассимиляциялаған Герман нобай|оңға|200px|Голландия Корольдігінің картасы 1807саксондары мен франк тайпаларының (III—IV ғасырлар) алға жылжуымен сәйкес келді, тек Нидерландының солтүстігінде фриздер тәуелсіздігін сақтап қалды. Ұлы Карл (768-814) тұсында Голландия аймақтарының барлығы дерлік Франк мемлекетінің құрамына кірді, ал ол ыдырағаннан кейін (843) Шығыс Франк патшалығының құрамына енді. Х-ХІ ғасырларда бұл аумақта формальды түрде Қасиетті Рим империясымен вассалдық қатынастар арқылы байланысты бірнеше феодалдық иеліктер қалыптасты, олардың этникалық негізін герман тайпаларының ұрпақтары саксондардың, фриздердің, ішінара франктердің, сондай-ақ кельттердің ұрпақтары құрады. 11 ғасырдың аяғы - 12 ғасырдың басында Голландия графтығы Голландия (Holland, сөзбе-сөз – «Шұңқыр жер») атауы пайда болды.

Голландия, Зеландия және Утрехт провинцияларында пайда болған жаңа голландиялық этникалық қауымдастықтың қалыптасуы XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басына жатады және Нидерланды деп аталатын шашыраңқы провинциялардың бірігуімен байланысты. XV ғасырдың соңғы ширегінде Нидерланды Габсбург билігіне өтті 1556 Испанияның қол астында болды. XV—XVI ғасырдың аяғында Нидерландыда капиталистік қатынастар пайда болды. Голландия мен Зеландия провинциясы-экономикалық жағынан ең дамыған және халқы көп аймақтар болды. 1579 жылы Утрехт одағы Солтүстік провинцияларды — Голландия, Зеландия, Утрехт, Гелдерланд, Гронинген, содан кейін Оверейссель мен Фрисландияны біртұтас мемлекет — Біріккен провинциялар Республикасына біріктірді.

XVI ғасырдағы Нидерланды революциясының жеңісі голландиялықтардың ұлттық шоғырлану процесіне ықпал етті. Әдеби тіл қалыптасты, мәдениеті дамыды. XVII ғасырдың бірінші жартысы - Нидерландының "алтын ғасыры" болды, әсіресе Голландия провинциясы қарқынды дамыды. XVII ғасырдың ортасынан бастап "Нидерланды" және "Голландия" ұғымдары анықталды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Нидерландының үш туысқан халқын — голландтарды, фламандтарды және фриздерді — біртұтас Нидерланд этносына біріктіру процесі басталды.

Кәсібі Голландиялықтар жоғары дамыған өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі бағыттары – мал шаруашылығы, егістік егіншілік, көкөніс өсіру (ашық жерде де, жылыжайда да), бау-бақша. Голландтар гүл өсіруімен де белгілі (кезінде қазақ даласынан әкетілген қызғалдақты сәндік үшін өсіріп, "Голланд қызғалдағы" деген атаумен әлемге танытқан), «қызғалдақ бумы» Голландияны 17 ғасырда шарпыды. Бүгінгі күні гүл өсіруге арналған жылыжайлар (Амстердам мен Гааганың оңтүстігі) 40 миллион шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Балық аулаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрі бар. Голландиялықтар майшабақтарды тұздауды XV ғасырда үйренген. Голландықтар ағаш өңдеуде үлкен өнерге қол жеткізді: оюлар мен кескіндеме жиһаздарды, тұрмыстық ыдыстарды, көне ұлттық аяқ киімдерді - ағаш аяқ киімдерді безендіреді. Ұсталардың дәстүрлі бұйымдары – камин қысқыштары, үйлер мен шіркеулерге арналған флюгер, көркемдік бұйымдар, голланд тақтайшалары, күміс зергерлік бұйымдар, Қазіргі голландтар өнеркәсіпте, сауда мен көлік саласында жұмыс істейді.

Тұрмыс салты Голландияда нуклеарлық (ата-аналардан және балалардан не тек ерлі-зайыптылардан тұратын отбасы) отбасы басым. Осы уақытқа дейін, негізінен, ауылдық жерлерде көптеген отбасылық және мемлекеттік мерекелер тойланады, олар дәстүрлі рәсімдермен, мысалы, үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, шомылдыру рәсімінен өтуі, ат қою және т.б. тойланады. Қазіргі голландиялықтар көптеген партиялардың, одақтардың, комитеттердің, қоғамдардың, клубтардың мүшелері бола отырып, қоғамдық және саяси өмірге белсенді қатысады.

Голландтардың көпшілігі қалаларда шоғырланған. Халқының тығыздығы бойынша Нидерланды Еуропада бірінші орында, әлемде Бангладеш пен Тайваньдан кейін үшінші орында. Нидерланды – ежелгі қала мәдениетінің елі, кейбір қалалар римдік қоныстардан бастау алады. Ортағасырлық сәулет ансамбльдері қалалардың орталығын құрайды.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Нидерландының көптеген қалалары ортағасырлық келбетін сақтаған. Амстердам әсіресе ерекше және қызықты. Ерте орта ғасырларда бұл жерде, Амстель өзенінің сағасында шағын балықшылар ауылы болған, бірақ XVII ғасырға қарай мұнда құрылған қала ең қарқынды дамыған қалалардың біріне айналды. Кейбір Амстердам тұрғындары каналдарда, баржаларда салынған вонботтар деп аталатын шағын үйшіктерде тұрады. Вонботты каналға қою үшін оны «тіркеуге» рұқсат алу керек және бұл рұқсатты жылдар күту керек. Баржалардың көпшілігі (шамамен 2 мың) Амстердамның маңындағы шығанақ сағасында орналасқан, бұл жерде қалқымалы қалашықты құрайды. нобай|оңға|200px|Оңтүстік Голландиядағы елді мекен Ауылдық елді мекендердің ең көп таралған нысандары - шоғырланған ауылдар, хуторлар, көбінесе өзендердің, каналдардың жағасында, үлкен бөгеттерде шоғырланып орналасқан. Шоғырланған ауылдары (Komdorpen) Нидерландыдағы ең көне қоныстарға жатады. Олардың айрықша ерекшелігі – аулалардың жоспарсыз, ретсіз орналасуы. Бұл ауылдардың көпшілігі ормандарда пайда болды, өйткені олардың атаулары -wald, -haar (орман) деп аяқталады. Үйлердің арасында «Bricken» деп аталатын бірнеше ағаштары бар шағын алаңдар болды. Оларға ауыл адамдары ауылдың ортақ істерін және мереке күндерін талқылау үшін жиі жиналатын. Хуторлық елді мекендер барлық провинцияларда кездеседі, бірақ мұндай елді мекендердің ең ықшам аудандары Солтүстік және Оңтүстік Голландия және Утрехт провинцияларында қалыптасқан. Мұндағы әрбір шаруа басқа жерлерден арнайы қоршаулармен немесе шекаралық арықтармен бөлінген белдеуде тұрады. Көбінесе мұндай шаруашылықтардың тобы әкімшілік жағынан шіркеу немесе базар алаңын қоршап тұрған бірнеше ондаған үйлерден тұратын ауылмен біріктіріледі. Мұндай ауылдарды әдетте егіншілер емес, шенеуніктер мен саудагерлер мекендейді.

Қатардағы ауылдар көптеген аудандарда бар. Жаңадан өңделген жерлердегі елді мекендердің жаңа түрінің пайда болуы Үкіметтің жаңа аудандарды қоныстандыру ісіне араласуынан туындады. Жер учаскелері қатаң белгіленген жоспар бойынша таратылды, бұл қоныстанудың жоспарлы сипатына әкелді. Көп жағдайда Нидерландының қатардағы ауылдары басқа елді мекендерге қарағанда кейінірек пайда болды. Нидерландыдағы ең көне үй түрлерінің бірі - этнографиялық әдебиетте саксондық үй ретінде жақсы белгілі hallehuis (гумно үйі) деп аталатын үй.

Ерте орта ғасырларда ағаш қазіргі Нидерланды мемлекетінің барлық аудандарында жалғыз құрылыс материалы болды. Орман алқаптары жойылып бара жатқанда, олар рамалық ғимараттарға, содан кейін кірпіш ғимараттарға көшті. Ескі пішінін сақтаған балықшылардың үйлері бірнеше ғасыр бұрын салынғандай тақтаймен қапталған бөренелерден тұрғызылған. Қазіргі уақытта қаладағы да, ауылдағы да тұрғын үйлердің көпшілігі кірпіштен жасалған. Солтүстік Голландия аймақтарында бұл кірпіш әдемі қара реңкте, фламандияның оңтүстігінде қоңыр түсті. Рамалық үйлер тек Оңтүстік Лимбургте сақталған.

Дәстүрлі киімдері Голландиялық халық киімдері салыстырмалы түрде жақында жалпы пайдаланудан шықты. Ғасыр басында-ақ ауылдық жерлерде тек халықтық киім киетін. Әрбір провинцияның киім үлгісі мен бөлшектерінің өзіне тән ерекшеліктері болды. Қазіргі уақытта толық халықтық костюмді Маркен, Урка аралдарының және Волендам, Схевенинген және т.б балықшылар ауылдарының тұрғындары киеді.

Ауылдардағы ерлер киімінің ортақ белгілері көп. Ол тізеге дейін созылатын кең қара шалбардан, екі түймемен бекітілген шағын жағасы бар қара немесе ашық түсті жейдеден тұрады. Жейденің үстіне екі қатар түймелері бар қысқа қара күртеше киіледі. Бұл күртеше әдетте шалбарға тығылып киіледі. Бас киім күнқағары бар кішкентай жалпақ кепка. нобай|оңға|200px|Дәстүрлі голланд киіміндегі отбасы