Абай — Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Абай ауылдық округінің орталығы. Іргесі тың және тыңайған жерді игеруге байланысты 1954 жылы қаланған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Егіндікөл ауылынан оңтүстікке қарай 37 км-дей, Теңіз көлінің солтүстік жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен506170 105 61,8 94 45 47,9 76 60 78,9
Инфрақұрылымы Мектепке дейінгі мекеме, орта мектеп, клуб, кітапхана, емдеу амбулаториясы халыққа қызмет көрсетеді. Абай ауылы арқылы облысқа маңызы бар Егіндікөл — Қорғалжын автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол станциясы — Жалтыр (166 км).
Дереккөздер
Санат:Егіндікөл ауданы елді мекендері