Қопалысай – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысының Шу және Қордай аудандары, Алматы облысының Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 километр, су жинайтын алабы 1020 км².

Бастауы Қопалысай Шу-Іле жотасындағы Хантау бұлақтарынан басталып, Аққолтық құдығының (Тауқұм құмында) солтүстік-батысында (12 километр жерде) құмға сіңіп, тартылып қалады.

Гидрологиясы Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа ағымы 0,2 – 0,3 л/с. Жылдық ағымының негізгі бөлігі (80%) көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. Өзен аңғары шабындық, мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Қордай ауданы өзендері Санат:Шу су алабы Санат:Шу ауданы өзендері