Станислав Ильич Мордвинцев (18.12.1934, Тәжікстан, Душанбе ) – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі (1978 жылы).

1958 жылы Мәскеу архитектура институтын бітірген. “Қарағандыгорсельпроект” институтында бас архитектор, Қазақстан архитекторлар одағының Қарағанды бөлімшесінің төрағасы қызметінде болды.

Мордвинцев жобасы бойынша Қарағанды қаласында облыстық кәсіподақ кеңесінің үйі (1960), “Степной” экспериментті ықшамауданы, “Майбұлақ” профилакторийі (1982), т.б. салынды. “Қарағанды қалалық-селолық жобалау” (1989 жылдан “Қарағанды азаматтық құрылыс жобалау”) институтында жұмыс істеп, “Гүлдер”, “Орбита” ықшамаудандарының жобасын жасауға қатысты.

Марапаттары Қарағанды қаласының жаңа жобасын сызып, құрылысты салуға қатысқаны үшін ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.

Дереккөздер

Санат:18 желтоқсанда туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Душанбеде туғандар Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшілері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Мәскеу архитектура институты түлектері Санат:Қазақстан сәулетшілері одағы мүшелері Санат:МАРХИ түлектері