Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын атаймыз.

left|Сөз топтары мен таптарының схемасы

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді: Зат есім (бет, қол) Сын есім (қызыл, биік) Сан есім (бір, жүз) Есімдік (мен, сен) Етістік (бару, жазу) Үстеу (тез, таза) Шылау (үшін, туралы) Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың) Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау)

Әдебиет А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Сөз таптары