Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км2. Облыс аумағында 9 аудан және 2 облыстық маңыздағы қала бар. Тұрғыны 1 505 984 адам (2023).
Әкімшілік орталығы — Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Жетісу облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен шектеседі.
Тарихы нобай|оңға|Тамғалытас Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғасырдың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 – 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 – 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 – 1967 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" № 585 Жарлығына сәйкес 2001 жылдан бастап Талдықорған қаласы облыс орталығы болды.
Облысты басқарғандар Аты-жөні Басқарған жылдары Бәйкен Әшімұлы Әшімов 1968 жыл – 1970 жыл Бименді Садуақасұлы Садуақасов 1970 жыл – 1972 жыл Әріпбай Әлібайұлы Алыбаев 1972 жыл – 1978 жыл Сахан Құсайынұлы Құсайынов 1978 жыл – 1982 жыл Әубәкір Тыныбайұлы Тынышбаев 1982 жыл – 1987 жыл Владислав Ануфриев 1987 жыл – 1989 жыл Анатолий Сергеевич Жигулин 1989 жыл – 1990 жыл Сағынбек Тоқабайұлы Тұрсынов 1990 жыл – 1993 жыл Серік Ахымбекұлы Ахымбеков 1993 жыл – 1996 жыл Өмірзақ Өзбекұлы Өзбеков 1996 жыл – 1997 жыл Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов 1997 жыл – 2001 жыл Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов 2001 жыл – 2005 жыл Серік Әбікенұлы Үмбетов 2005 жыл – 2011 жыл Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов 2011 жыл – 2014 жыл Амандық Ғаббасұлы Баталов 20 тамыз 2014 жыл – 25 қараша 2021 жыл Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 24 қараша 2021 жыл – 10 маусым 2022 жыл Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 11 маусым 2022 жыл –
Табиғаты нобай|оңға|Көлсай көлі нобай|оңға|Түрген сарқырамасы нобай|оңға|Текелі тауы Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеулеген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан.
Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).
Геологиясы Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген.
Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.
Климаты Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Гидрографиясы нобай|оңға|Шілікті нобай|оңға|Іле нобай|оңға|Лепсі нобай|оңға|Қаратал нобай|оңға|Қапшағай ГЭС-і Өзендері Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлі: Балқаш, Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.
Топырағы мен өсімдік дүниесі Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биіктігі 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.
Тұрғындары Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Қалалары: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқан.
Халқы Алматы облысы халқының саны Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012
1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 1 322 194 1 514 807 1 699 054 1 558 534 1 560 267 1 571 194 1 589 751 1 603 758 1 620 6961 643 278 1 804 005 1 836 162
2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 (1 ақпанға) 20211 872 844 1 908 785 1 946 831 1 984 572 1 921 8881 947 5521 983 4652 017 2772 038 9342 057 8001 438 558
Еңбек және табыс 2024 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны 35,3 мың адамды құрады.https://stat.gov.kz/region/almatyobl/
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.
2024 жылдың қараша айының соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 16576 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,2% болып қалыптасты.
2024 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 308314 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы III тоқсанға 13,1% құрады.
2024 жылғы III тоқсанда нақты жалақы индексі 107,2% болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 148630 теңгені құрады, 2023 жылғы II тоқсанға қарағанда 9,8%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 3,8%.
2025 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны 35,7 мың адамды құрады.https://stat.gov.kz/region/almatyobl/
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.https://stat.gov.kz/region/almatyobl/
2025 жылдың қараша айының соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 20799 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,7% болып қалыптасты.https://stat.gov.kz/region/almatyobl/
2025 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 343625 теңгені құрады, өсім 2024 жылғы III тоқсанға 11,5 % құрады.
2025 жылғы III тоқсанда нақты жалақы индексі 99,6% болып қалыптасты.
2025 жылғы II тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 175396 теңгені құрады, 2024 жылғы II тоқсанға қарағанда 11,8%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 2,4%.https://stat.gov.kz/region/almatyobl/
Әкімшілік бөлінісі Әкімшілік бірлік Орталығы Халқы (2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Балқаш ауданы Бақанас ауылы 29209 Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы278581 Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы 163052 Кеген ауданы Кеген ауылы 29003 Қарасай ауданы Қаскелең қаласы 307870 Райымбек ауданы Нарынқол ауылы 29941 Талғар ауданы Талғар қаласы 227344 Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы 63598 Іле ауданы Өтеген батыр ауылы 213064Алатау қаласы—49145 Қонаев қаласы —62971 ЖАЛПЫ САНЫ —1438558
Әкімшілік бөліну тарихы Алматы облысы 1932 жылы құрылып, құрамына Ақсу, Алакөл, Аягөз, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жаркент, Калинин, Кеген, Қаратал, Қастек, Қоңырат, Қордай, Лепсі, Октябрь, Талдықорған, Үржар, Шет, Шелек, Шұбартау, Шу, Іле аудандары енді.
1933 жылы Бөрлітөбе, Қоғалы аудандары құрылып, Калинин ауданы таратылды. Шет ауданы Қарағанды облысына берілді.
1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округіне берілді.
1935 жылы Андреев, Қаскелең, Красногор, Мақаншы, Сарқан, Ұйғыр аудандары құрылып, Лепсі ауданы таратылды.
1936 жылы Дзержин, Нарынқол аудандары құрылды.