Күрең, кляусия () – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда құм топырақты далалық шалғындарда, қарағайлы ормандардың шетінде, қыраттар мен биік төбелердің тастақты және қиыршықтасты беткейлерінде өсетін 2 түрі (Күнгей күреңі, қазақ күреңі) бар. Олардың биіктігі 3–35 см, сабағы бірнешеу, сыртын қатты безді қылтандар жауып жатады. Жапырақтары ұзынша немесе қандауыр тәрізді (ұзындығы 1–8 см, ені 3–16 мм). Тостағанша жапырақшалары қапшық сияқты, күлтелері ірі күлгін қошқыл немесе ақ түсті. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – төрт қырлы бұршаққын. Тұқымы бір қатарда жатады, жалпақ, эллипс тәрізді, шеттерінде қара қоңыр түсті жолағы болады.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы

Санат:Орамжапырақтар