Жолан, таушерия () – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда барлық аймақтардың сортаңды топырақтарында, тасты, тастақты беткейлерінде далалық алқаптардағы бұталар арасында өсетін 1 түрі – түкжемісті жолан (Т. lasіocarpa) бар. Биіктігі 15 – 30 см, сабағы тік жоғарылаған сайын бұтақтана береді. Жапырақтары ұзынша жұмыртқа немесе қандауыр тәрізді. Гүлдері сары түсті. Аталық жіпшелері бос жатады, аналық мойны қысқа. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бұршаққынша. Тұқымы домалақ.
"Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар