Жершошақ немесе Циноморий () – жершошақтар тұқымдасына жататын бір жылдық паразитті, шөптесін өсімдіктер туысы.

Негізінен Жершошақ туысында 1 биологиялық түр бар: Cynomorium coccineum. Оның 2 түршесі болады: Cynomorium coccineum var. coccineumWorld Checklist of Selected Plant Families (2010). Royal Botanic Gardens, Kew (accessed 19 сәуір 2011, 22:44 GMT) немесе «мальта саңырауқұлағы» - Канар аралдары мен Жерорта теңізі маңында өсетін түрі. Cynomorium coccineum var. songaricumWorld Checklist of Selected Plant Families (2010). Royal Botanic Gardens, Kew (accessed 19 сәуір 2011, 22:44 GMT) – Жоңғар жершошағы. Орта Азия, Моңғолия,Қытайда өсетін түрі. Қазақстанда далалық, шөлді аймақтардың сортаңды жерлерінде кездеседі.

Биіктігі 9 – 80 см, тамыр жабысқақтарымен сораңның тамырына жабысып өседі. Сабағы етті, жуан, сыртынан қарағанда саңырауқұлақтың жемістік денесіне ұқсайды. Жетілмеген қабыршақты жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Бір-бірден аталығы мен аналығы болады. Гүлдері қос жынысты, саны көп, ұсақ, олар шоқпар немесе цилиндр тәрізді масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Жершошақтың 2-түрі – «мальта саңырауқұлағын» Жерорта теңізі жағалауы мен Батыс Еуропада орта ғасырда сыртқы түріне (түсі қатып қалған қанға ұқсаған) қарап, қан тоқтату үшін көп пайдаланған.

Дереккөздер

Санат:Жершошақтар