Замиокулькас () – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі.

Таралуы Отаны – Африканың шөлді аймақтары. Суккулентті өсімдіктерге жатады. Замиокулькас та басқа суккулентті өсімдіктер сияқты, шөлді жерлерде өсетіндіктен, бойына суды етті жапырағында, сабағында, тамырында жинау қасиеті қалыптасқан. Табиғатта ол бойына жинаған суды, қуаңшылық уақыттарда пайдаланады.

Бізде, Қазақстанда бөлме гүлі ретінде өсіреді.

Биологиялық сипаттамасы Сабақтары тік ұзын, жуан етті болып келеді Жапырақтары қатты, балауыз жалатқандай жылтыр, сабағында қатарласып орналасқан. Үй жағдайында өте сирек гүлдейді. Гүлі собыққа ұқсас, әрсіз. Өсімдіктің төмен жағында орналасқандықтан, аса байқалмайды. Замиокулькасты әдемі жапырақтары үшін өсіреді. Күтімі өте жеңіл. Тек оның суккулентті екендігін ескеріп, байқап суғару қажет. Ауруларға аса шалдыға қоймайтын, төзімді өсімдік.

Күтімі Жарығы: Алакөлеңкеде де, жарықта да жақсы өседі. Күннің көзіне де шыдамды, тек жаздың ыстық күндерінде ғана тік түскен күн сәулесінен қалқалау қажет. Жылуы: Бірқалыпты жылуды қалайды, қыста 120С төмен болмағаны абзал. Суғарылуы: Молынан бір рет суғарып алып, топырағын келесі суғарғанға дейін жақсылап құрғатып алу керек. Ылғалдылығы: Құрғақшылыққа шыдамды, бірақ жапырақтарын шаң-тозаңнан тазарту мақсатында су бүркіп тазалап тұру қажет. Қоректендірілуі: Кірпігүлге арналған тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіріп тұруға болады. Қыста мүлдем қоректендірмейді. Аурулары: Артық суғарғанннан тамыры шіри бастайды. Көбейтілуі: Түбін бөлу арқылы көбейтеді.

Синонимдары Синонимдары: — Каладиум — Лоддиджес Замиокулькас — Замиокулькас ланцеттәрізді

Галерея

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

«The Zamioculcas homepage»,

Тағы қараңыз Ароид тұқымдасы

Дереккөздер

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727 Санат:Шаяноттар