thumb|right|200px|Алланың 99 есімдері

Алланың есімдері ( — "Алланың көркем есімдері") — Ислам құдайы Аллаһтың есімдері, Құран мен Сүннет бойынша Аллаһтың 99 есімі бар, Аллаһтың 99 есімі деп те аталады.

Негізгі ақпарат Бір тізімге біріктірілген Алла есімінің (сондай-ақ оларды Құдайдың сипаттары деп түсінуге де болады) саны Әбу Һурайрадан жеткізілген сенімді хадиспен анықталады:

Мұхаммед пайғамбар айтқан:

Аллаһтың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 25-ші бет. ISBN 5-94824-071-1. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Аллаһтан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» (Тирмизи, Әбу Дәуід)

«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Жүз бірсіз, кім оларды зікір етіп жүрсе жәннатқа кіреді» (Әл Бухари, Муслим)

Тізім