Аман Ғұмырұлы Төлеев (, , туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР – 20 қараша 2023 жыл, Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, технология ғылымының докторы (2000).

Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.http://adebiportal.kz/upload/iblock/948/948573e5404bc074bb7aa62cf3b12da2.pdf

Өмірбаяны Жаңасібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығы, 1973 – 1985 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 1988 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 1990 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 1993 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Ресей инженерлері Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Ресей ғалымдары Санат:Ресей қазақтары Санат:Біртұтас Ресей мүшелері